Осы салада он жылға жуық тәжірибесі бар.
Дархан Құрақбаев жаңа қызметке тағайындалды
2,185
оқылды

Мемлекет басшысының өкімімен Дархан Ғалымтайұлы Құрақбаев Қазақстанның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Дархан Құрақбаев 1983 жылы туған.

2000-2004 жылдары – Қаржы полициясы академиясының тыңдаушысы (курсанты).

2004-2006 жылдары – Ақмола облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің (қаржы полициясы) Есіл аумағы бойынша Ауданаралық қаржы полициясы бөлімінің анықтаушысы, тергеушісі.

2006-2008 жылдары – Ақмола облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің (қаржы полициясы) тергеу басқармасының аға тергеушісі.

2008-2014 жылдары – Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) тергеушісі, аға тергеушісі, аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі.

2014-2017 жылдары – Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) аса маңызды істер бойынша тергеушісі, тергеу басқармасы басшысының орынбасары.

2017-2021 жылдары – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Павлодар облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары (тергеу жұмысы бойынша).

2021-2022 жылдары – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Арнайы департаментінің басшысы.

2022 жылғы 11 қазаннан бастап Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Павлодар облысы бойынша департаментінің басшысы болды.