Шалғай аймақтарда ауызсу мәселесі әлі де өзекті.
Сүлейменова: Сегіз өңірді сумен қамтамасыз етуге қаражат бөлінді
1,501
оқылды

Бүгін Үкімет отырысында сумен қамтамасыз ету мәселесі талқыланды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады. 

Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменованың айтуынша, қазір  республикада ұзындығы 15,5 мың шақырым  80 топтық су құбыры бар. Олар 1,4 млн адамды қамтитын 655 ауылдық елді мекенді ауызсумен қамтамасыз етеді.

Биыл құрылысы 2010 жылы басталған Есқұла су құбырын пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Сондай-ақ Ақмола, Алматы, Атырау, Ұлытау, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы топтық су құбырларын салу және реконструкциялау бойынша 27 жобаны жүзеге асыруға қаражат бөлінді. 

Үйтас-Айдос топтық су құбырын реконструкциялау жұмыстарын жалғастыру үшін қаражат бөлу мәселесі нақтыланып жатыр.