Ерлі-зайыпты былтыр ажырасып кеткен.
«Маған бәрібір, Аллаһқа қайтты» –  Ақтауда 3 баласын пышақтап өлтірген күдіктінің әйелі
3,428
оқылды

Ақтауда полиция 3 баласын өлтірді деген күдікпен ұстаған 36 жастағы ер адамның әйелі пікір білдірді. Күдікті Жәнібек Есенов Сириядан «Жусан» операциясы арқылы елге оралған. Бұл туралы Aikyn.kz сайты Koremiz бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Полицейлер «күдікті «Жусанмен» келген. Атырауда «БРТ» болып тіркеуде тұрған», – дейді.

Көршілері мен туыстары күдіктіні жат ағымның жетегінде кеткенін растап отыр.

«Олардың діни ұстанымы бөлек. Тұмшаланып жүреді», – дейді Жәнібектің туған жездесі.

Үш баласынан айырылған Айдана: «Мен ешкімнің алдында ақталмаймын. Намаз оқитыным рас. Бәрі бахабис дейді. Айта берсін... Маған бәрібір. Ешкімнің аузына қақпақ болмаймын. Өз ісіме жауап беремін. Болды. Балалар сол адамның себебінен Аллаһқа қайтты...», – дейді (әйелдің сөзі қаз-қалпында берілді – ред.).

Айдананың жездесінің айтуынша, барлығы «үш балаға алимент төле...» деген ұрыс-керістен басталған болуы мүмкін деген болжам айтады. Екеуі былтыр ажырасып кеткен.