Елдің түкпір-түкпірінен 100-ден аса команда ENACTUS мектеп және студенттік кәсіпкерліктің ұлттық чемпионатына жиналды.
ENACTUS KAZAKHSTAN NATIONAL EXPO 2023 ұлттық кубогының жеңімпаздары анықталды
1,261
оқылды

Астанада студенттік кәсіпкерлік, стартаптар және инновациялар саласындағы чемпионаты, сондай-ақ ENACTUS KAZAKHSTAN NATIONAL EXPO 2023 оқушылар кәсіпкерлігінің  IV республикалық чемпионаты мәресіне жетті. 

Елдің түкпір-түкпірінен 100-ден аса команда ENACTUS мектеп және студенттік кәсіпкерліктің ұлттық чемпионатына жиналды. Бұл командалар оқу жылы бойы әлеуметтік-кәсіпкерлік, экологиялық және инновациялық жобаларды әзірледі. 

Білім сайысының нәтижесінде Қарағандыдан келген ENACTUS BUKETOV UNIVERSITY кубок иегері атанды. Команда ұлттық чемпионы атағымен қоса Нидерландының Утрехт қаласында өтетін  ENACTUS World Cup 2023 кубогында өнер көрсетуге жолдама алды. 

«Бүгін біз республикамызды әлемдік аренада таныстыруға және көк туымызды өте жоғары тұғырға көтеруге мүмкіндік алдық! Біз бұл жеңіске 13 жыл бойы дайындалдық. Мұндай іс-шаралар еліміздің барлық студентіне шабыт беріп, мотивация сыйлайды», – деп бөлісті чемпиондар. 

Команда: экологиялық  бағытта «ONDE» және әлеуметтік-кәсіпкерлік бағытында  «JIHAZ» атты екі жобаны ұсынды. Екі жоба да ең жоғары баға алды.

Ал мектеп кәсіпкерлігінің республикалық чемпионатын Астана қаласы халықаралық мектебінің ENACTUS SSU Engineers командасы жеңіп алды. Команда MinAvto және Jurmek атты екі техникалық жобаны таныстырды.

Early Stage Competition лигасында (дамудың бастапқы кезеңіндегі жобалар) Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ENACTUS командасы жеңіске жетті.

Биыл сайысқа Қазақстанның 17 өңірінен 40 студенттік және 70 мектеп командасы қатысты. ENACTUS KAZAKHSTAN National Expo спикерлері қатарында: 

 ҚР вице-премьері Алтай Көлгінов; 

ҚР Жоғары білім және ғылым министрі Саясат Нұрбек; 

ENACTUS Kazakhstan директорлар кеңесінің төрағасы, «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы Райымбек Баталов; 

ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев; 

Астана қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Бекмырзаев; 

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Respulika партиясының төрағасы Айдарбек Ходжаназаров; 

ENACTUS Global вице-президенті  Elgar Beumer және  ENACTUS Global Elgar Beumer және Amy Englert  даму жөніндегі директоры Amy Englert  болды. 

«ENACTUS – лидерлік, кәсіпкерлік және  дербестік мектебі. 15 жыл ішінде біз талантты және мақсаты биік балаларға студенттік жылдардан бастап табысты мансап пен бизнес құруға мүмкіндік беретін тұтас әлеуметтік институтты құра алдық», – деді бағдарлама жетекшісі, & CEO ENACTUS KAZAKHSTAN президенті Альбина Ержанова.

«ENACTUS қозғалысының келешегі зор. Өйткені ел Президенті айтқан кәсіпкерлердің жаңа легі, мектеп партасы және студент шақтан қалыптасатын импакт бизнестің менталдығы ENACTUS-та қаланады.  Бұл өскелең ұрпаққа жеке қабілеттерді дамыту, өзіңді табу, ешбір оқулықта жазылмаған тәжірибе жинауға көмектесетін үздік бағдарламалардың бірі», - деп атап өтті Райымбек Баталов.

ENACTUS KAZAKHSTAN National Expo 2023 аясында арнайы екі байқаудың қорытындысы шығарылды: 

Біріншісі – KMF-DEMEU-ден «NEXTGENLEADERS FINANCIAL LITERACY» KMF байқауы мектеп оқушыларының қаржылық сауаттылығын арттыруға арналған. Жобаларды дамытуға арналған жүлде қоры – 3 млн теңгені құрады.

 Екіншісі – OLZHA AGRO-дан ұсынылған «ауылдағы бизнес идеялар» байқауында ауыл кәсіпкерлігін дамыту үшін ең үздік жобаларды таңдалды. Жүлделі гранттардың жалпы сомасы – 5 млн теңгені құрады.

 ENACTUS бағдарламасы мен стартаптарды дамытуға арналған жүлделі гранттардың жалпы сомасы 11 млн 500 мың теңге болды. ENACTUS KAZAKHSTAN NATIONAL Expo аясында дәстүрлі түрде жастар жобаларының көрмесі мен демеушілер жәрмеңкесі өтті.

«ENACTUS-пен ынтымақтастықтың келешегі зор екенін көріп отырмыз. Kazakh Tourism  компаниясының осы шараны қолдауы  – келесі жылы ENACTUS WORLD CUP әлем кубогын  Астанада өткізу жолындағы алғашқы қадам, кірме билет. Бұл кубок үшін көп ел жарысады, ал біз осы байқауда жеңуге, бренд іс- шараны Астанада өткізуге барымызды салып жатырмыз», - деді ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев. 

ENACTUS KAZAKHSTAN NATIONAL EXPO 2023  жастардың үздік стартап жобаларын таныстыру үшін ENACTUS Kazakhstan бағдарламасының жылдық қызметінің қорытынды алаңы.

ENACTUS KAZAKHSTAN NATIONAL EXPO 2023 ұсынылған барлық жоба БҰҰ-ның тұрақты дамудың 17 мақсатына сәйкес келеді. 

ENACTUS KAZAKHSTAN NATIONAL Expo 2023 аясында Қазақстан Республикасындағы БҰҰ өкілдерінің қатысуымен «ENACTUS студенттерінің орнықты даму мақсаттарына қол жеткізуге қосқан үлесі» форумы өтті. Жастар БҰҰ-ның тұрақты дамудың  17 қол жеткізу үшін іске асырған жобаларының пайда болуы деректерін бөлісті.

Арман ЕРМАХАН

 

Фото: Павел Михеев