Іске төрелік жасаған судья Виктория Семенованың айтуынша, Ачилов, Әбдіхамитов, Ардан және Сұлтанбеков келтірген материалдық залал үшін мемлекет пайдасына 728 миллион 806 мың 747 теңге қайтарылып, 21 миллион 864 мың 202 теңге көлемінде мемлекеттік баж өндіріп алынады. Материалдық залалды өтеу мақсатында мемлекет пайдасына Аманжолов, Нұрпейісов, Әбдіхамитов, Ардан, Сұлтанбековтен бюджетке 1 миллиард 736 миллион 915 мың 564 теңге қайтарылып, 52 миллион 107 мың 467 теңге мөлшерінде мемлекеттік баж өндіріп алынады.
Мемлекет пайдасына Қасабаевтан 20 миллион 583 мың 333 теңге қайтаралып, 617 мың 500 теңге көлемінде мемлекеттік баж өтеледі.
Материалдық залалды өтеу үшін Мүсеновтен мемлекет пайдасына бюджетке 13 миллион 333 мың 333 теңге қайтарылып, 400 мың теңге мөлшерінде мемлекеттік баж өндіріп алынады.
Әбдіхамитовтан мемлекет пайдасына 204 миллион 651 мың 785 теңге қайтарылып, 6 миллион 139 мың 554 теңге мөлшерінде мемлекеттік баж өтеледі. Материалдық залалды өтеу бойынша мемлекет пайдасына Аманжолов, Нұрпейісов, Әшім, Ардан, Сұлтанбековтен 1 миллиард 133 миллион 283 мың 923 теңге қайтарылып, 33 миллион 998 мың 518 теңге көлемінде мемлекеттік баж өндіріп алынады.
«Сотталғандарға азаматтық талап қою бөлігінде үкімді ерікті түрде орындау үшін 30 тәулік белгіленді», – деп толықтырды судья.