Бүгін «AMANAT» партиясы Қазығұрт аудандық филиалында қоғамдық қабылдау өтті.
Партия төрағасының қоғамдық қабылдауы өтті
615
оқылды

Қабылдауға келген тұрғындарды партияның Түркістан облыстық филиалының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Алтынсары Үмбетәлиев,  Қазығұрт ауданының әкімі  Азизхан Исмайлов және «AMANAT» партиясы Қазығұрт аудандық филиалының төрағасы Е. Исақұлов пен Қазығұрт ауданы әкімінің орынбасары М. Аширбаев қабылдап, олардың арыз-шағымдарын жан-жақты талқыланды.

Көтерілген мәселелердің ішінде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға берілетін ИПР жайында айтылды. Ал он шақты тұрғын жер, үй алумен бірге, Талдыбұлақ елдімекеніне газ тарту,  жолдарды асфальттау және жайылым мәселесін де қозғады. Тіпті, мектеп пен спорт алаңқайын салу жөнінде де сұрақтар болды. Мысалы, ауданға қарасты С.Рахимов ауыл округінен келген тұрғын «Сабыр Рахимов» атындағы ЖОМ құрылысы тоқтап тұрғанын айтып, құрылысты аяқтауын сұрады. Оның айтуынша, мектеп құрылысы 2022 жылы басталып, аяқсыз қалған. Ал облыстық құрылыс және сәулет құрылысы басқармасы қазір құрылыс заттарының қымбаттауын сылтауратты. Олардың мәліметінше, жоба 2015 жылғы есеппен қабылданған. Сондықтан  қосымша қаржы қарастыру керегін сөз етті.

Жалпы тұрғындардың ауданға қатысты күрмеуі қиын, шешімі табылмай жатқан мәселе көп. Тыңдалған әрбір тұрғынның мәселесін жауапты бөлім басшылары тиісінше жауап берді. Кейбір мәселені өз қадағалауыма алдым, деді Қазығұрт ауданының әкімі  Азизхан Исмайлов.

Сонымен қатар, бүгінгі қоғамдық қабылдауға 16 аудандық бөлім басшылары мен құқық қорғау қызметкерлері  де қатысты. Олар да сол жерде көтерілген мәселелерге байланысты тиісті шешімдерді қабылдап, орындалуына атсалысты.