Әйел қашып кетуге тырысқанымен, қарақшы оны мықтап ұстап, жерге құлатып, алтын сырға-сақиналарын шешіп, телефонын тартып алған. Шығын көлемі – 550 мың теңге. Тоналған әйел бірден полицияға жүгініп, жедел-іздестіру шаралары жарияланды. Тергеу әрекеттерін жүргізу барысында ұсынылған 15 азаматтың ішінен жәбірленуші 1971 жылы туған бір ер адамды көрсетті. Күдікті дереу құрықталды. Оның бұрын қылмыстыққа жауапкершілікке тартылғаны анықталды.
Оралда әйелді тонап кеткен күдікті ұсталды. Таңғы уақытта Омега жол көпірінің астынан өтіп бара жатқан 30 жастағы әйелге күтпеген жерден шабуыл жасаған ер адам бейнебақылауға түсіп қалған.

232
оқылды
оқылды