Астана қаласындағы Қуыршақ театрында елордалық руханият өкілдері мен кішкентай балдырғандарға «Дала сыры, тау жыры» атты бастауыш сынып оқушыларына арналған көркем суретті жаңа кітап таныстырылды.
Дала сырын таныстырды
1,058
оқылды

Étage дизайн студиясы дайындап, «Шеврон» компаниясының қолдауы­мен жарыққа шыққан кітаптың бір­не­ше ерекшелігі бар. Біріншіден, кі­тап қазақ және орыс тіліндегі екі нұсқада жарық көріп отыр. Орыс тілін­дегі нұсқасы «Тайны страны гор и степей» деп аталады. Екіншіден,  кітап балаларға Қазақстанның алуан айшықты табиғат байлығын, оның қайталанбас сұлулығы мен нәзіктігін, жергілікті мәдениеті мен дәстүрлерін таныстыруды мақсат еткен. Сол се­беп­ті еліміздің балалар әдебиетінде өзіндік қолтаңбасы қалыптасып үл­герген жас жазушылардың қызықты хикаяттарға толы әңгімелері мен за­ма­науи ертегілері бір жинақта ұсы­нылған. Әрбір шығарманың сюжеті балаларды өзіне елітіп, атамекені­міздің әртарапына саяхат жасауға, туған жердің сыры мен жырын, тылсым құпиясы мен тарихын тануға, білуге жетелейді. Бұл – жаңа кітаптың үшінші ерекшелігі. 

Қуыршақ театрында өткен таныс­тырылымға Толымбек Әбдірайым, Зәуре Төрехан, Серікбол Хасан сияқ­ты балалар жазушылары мен ақын­дары, Дархан Мыңбай, Айгүл Мүкей және басқа да қоғам қайраткерлері мен медиа-тұлғалар, журналистер мен блогерлер, сондай-ақ жоба ав­тор­лары, «Шеврон» компаниясы­ның өкілдері қатысты. Авторлар жоба тарихы мен оны жүзеге асыру барысы туралы айтып, әріптестерінің сауал­дарына жауап берді. 

 «Қазақстандықтардың сапалы білім алу, денсаулық сақтау мүмкін­діктерін кеңейтіп, кәсіпкерлік пен инновацияға жағдай жасау біздің бір мақсатымыз. Бүгін серіктестерімізбен бірге ұсынып отырған кітабымыз балалардың оқуға құштарлығын арт­тыра­ды, қоршаған ортаға қызығушы­лық оятады, ізденімпаз болып өсуіне жағымды ықпалын тигізеді деп сенеміз. Бұл мемлекет болашағы үшін өте маңызды», – деп қорытын­дылады «Шеврон» компаниясының еуразиялық бөлімшесінің кор­пора­тивтік байланыстар жөніндегі дирек­торы Еркін Зікібаев. 

К.ЕСІМ