Пайдаланылмай бос жатқан жерлер мемлекет меншігіне қайтарылды.
«Жер аманаты»: Алматы облысында 17 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
1,044
оқылды

«Жер аманаты» комиссиясы жұмысын Алматының облысы Райымбек ауданынан бастады. Бұл туралы «AMANAT» партиясының хатшысы Дәулет Кәрібек Facebook-тағы парақшасында жазды.  

Биыл жылдың басынан бастап Райымбек ауданының пайдаланылмай жатқан 17 448 га жер мемлекет меншігіне қайтарылды.

Атап айққанда: 

  • Ұзақ батыр ауылдық округіне карасты Шәлкөде жайлауынан 4200 га;
  • Шалкөде ауылдық округінен 2000 га;
  • «NAC Product» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінін 535 га;
  • «Хан тәңірі» ЖШС - 5141,1 га;
  • «Ажарагро» ЖШС - 959 га;
  • «Сафари Тау Шелек» ЖШС 2619 га;
  • «Агро Алатау» 407 га;
  • «А and Сompany» 250 га және жеке тұлғалардан 1337 га жер учаскелері сот шешімі аркылы кайтарылды.

Ал «A and D» company ЖШС-не қарасты 1500 га жер учаскісін қайтару үшін Ауылшаруашылығы министрлігі Жер Комитеті мен аудандық әкімшілікпен бірлесе отырып, тиісті актілер толтырылып, хабарлама жіберілді.

Оған қоса, 18 мың гектар жер телімін қайтару бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Оның ішінде «Шиндал-Сан» – 3500 га, «Қуат ЛтД» ЖШС – 14000 га, «Tengri Land» ЖШС-дан  400 га жерді қайтару үшін, Алматы облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жолданды.