Кредит алатын адамның несие тарихы егжей-тегжейлі тексеріледі.
«Банктерге пайдалы...» – ЕЭО-ға мүше елдер азаматтардың несие тарихы туралы мәлімет алмасады
15
1,528
оқылды

Еуразиялық экономикалық одақ елдері бұдан былай азаматтардың несие тарихы туралы мәліметпен алмасады. Бұл туралы Aikyn.kz сайты КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатов азаматтардың жеке дерегінің қауіпсіздігіне алаңдауға негіз жоқ деп отыр. 

«Кредит тарихын алмастыру процесі қашан басталады, Қазақстанның заңды тұлғасы өзі барып өтініш берген кезде, яғни ол алдын ала келісімін береді. Келісімін берген кезде ғана кредит тарихын алмастыру жүзеге аса бастайды. Екіншіден, барлық ақпарат ұлттық төлем шлюзы арқылы алмастырады. Қазақстанның ұлттық төлем шлюзы – Цифрлық даму министрлігі. Ол жақта ондай қауіп жоқ деп ойлаймын», – дейді Олжас Қизатов. 

Дегенмен мұндай мүмкіндік Одаққа мүше кез келген мемлекетке барып, оңды-солды қарызға батуға болады дегенді де білдірмейді. Әдеттегідей, ол жақта да азаматтардың несие тарихынан бастап, төлем қабілеті бүге-шүгесіне дейін тексеріледі. Қарызын уақтылы төлемейтін болса, сол елдің коллекторларына заңға сәйкес жауап береді. 

Құжатты әзірлеушілер несие тарихымен алмасу кредитін уақытылы жабатын, адал қарыз алушыларға таптырмас мүмкіндік дейді. Осылайша оларға Еуразиялық экономикалық одақ елдеріндегі банктерден несие алу оңай болады.  

«Несие тарихын бөлісу не үшін қажет? Бұл банктерді қорғайды. Банк қарыз алушының тиімділігіне көз жеткізе алады, сол арқылы өз қаупін азайтады. Биыл 1 наурыздағы жағдай бойынша, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің 2 мыңға жуық жеке және 42 заңды тұлғасы қазақстандық банктерден несие алған. Несие сомасы 120 миллиард теңгеге жуық», – деді Сенат депутаты Сергей Карплюк.

Бұған дейін алаяқтардың өзгенің атынан несие рәсімдеуі тыйылмай тұрғаны туралы жазған болатынбыз.