Тұрғындарды газбен қамту мәселесі әлі де өзекті.
Үкімет шығыс пен солтүстік өңірді газбен қамту мәселесін талқылады
1,004
оқылды

Премьер-Министр  Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет кеңесінде газ саласын дамытудың өзекті мәселелері қаралды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады. 

Орталық мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялар басшыларының қатысуымен жаңа өндірістік және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру, солтүстік және шығыс өңірлерді газдандыру, тұрғындарды, өнеркәсіптік нысандар мен коммуналдық қызметтерді отынмен қамтамасыз ету шаралары, сондай-ақ бірқатар басқа да мәселе талқыланды. 

Жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижесінде таяу жылдары республикада тауарлық газ өндірісі бірнеше есе артуға тиіс екені атап өтілді.

Бұдан бөлек, газ шығынын азайту, оны пайдалану тиімділігін арттыру және есепке алу шаралары қаралды.

Талқылау қорытындысы бойынша, Премьер-Министр құзырлы мемлекеттік органдар мен мүдделі ұлттық компанияларға саланы дамыту шараларының уақытылы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Фото: akmolinform.kz