Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан ХХХІ Жазғы универсиадада қазақстандық мергендер винтовкадан 10 метрге оқ атудан командалық жарыста қола медальға ие болды.
Константин Малиновский, Ислам Сәтпаев, Никита Шахторин винтовкадан 10 метрге оқ атудан командалық жарыста үшінші орын алды.
Алғашқы екі орынды Үндістан және Қытай спортшылары еншіледі.
Айта кетейік, бұл – ел қоржынындағы бесінші медаль. Бұған дейін, шағын калибрлі винтовкадан атудың шеберлері Константин Малиновский, Ислам Сәтпаев пен Шахторин Никита; тез атылатын пистолеттен ату дисциплинасында Чирюкин Никита қола жүлдегер атанған болатын.
Сонымен қатар дзюдошылар Сұңғат Жұбатқан мен Асқар Нарқұлов да қола медаль жеңіп алған еді.