Алматы облысында 11 мек­теп пен бір балақшада күрделі жөндеу жү­ріп жатыр. Оның төртеуі жыл соңына дейін, ал қал­ға­ны келесі жы­­лы пайдалануға беріледі.
Депутаттар – өңірлерде
875
оқылды

Өңірді жұмыс сапарымен ара­лап жүр­ген Мәжіліс депутаты, «AMANAT» пар­тиясы фрак­ция­сы­ның мүше­сі Жанар­бек Әшім­жан Талғар ауданының Белбұлақ ауы­лында күрделі жөндеу жүріп жат­қан мек­тепке барды. Білім ме­ке­месінде 600-ге тарта бала оқып кел­­ген. Құрылысы жос­пар бойын­ша келесі жыл­дың наурыз айын­да біту­ге тиіс. Бірақ мердігерлер осы жыл­­­дың соңына дейін аяқтап бе­ре­­міз деп отыр. Оған дейін бала­лар осы елді ме­кен­дегі ескі мек­теп­те оқи­ды.

– Бұл мектеп 60 жыл бұрын са­лын­ған. Сол жыл­дан бері қарай еш­­қандай күрделі жөндеу жұ­мыс­тары жүр­меген. Күрделі жөн­деу уа­қытында 640 оқушы №32 мек­теп­тің ескі ғимаратында оқитын бо­­ла­ды, – деді Талғар ауданы әкі-м­і­нің орын­басары Айбек Бидаев.

Қала іргесіндегі білім орда­ла­рын­­­­да орын тапшы­лығы – басты мә­селе. Тіпті, үш ауысымда білім бе­­­­­­­­ре­­­тіндері бар. Бұл мә­селе  «AMANAT» партия­сы­ның на­за­рын­­­­да. Жол картасында көз­дел­ген жос­­парларды орын­дау мақ­са­ты­мен Мә­жіліс депутаты білім бе­ру ны­­­сандарын ара­лап, оқу жы­­лына дайын­дықтарын тек­­серді.

– Былтырдан бері өңірлерді ара­­­лап ке­лемін. Үш ауысымды мек­теп­тер­дің проб­лемасы әр об­лыс­­та бар. Өңір­­дегі қа­ла іргесіндегі ме­к­­тептердің мә­селесі күн тәр­ті­бін­де тұр. Әсіресе, Тал­ғар, Ең­бек­­­ші­қазақ, Іле ау­­данында мұ­ны же­дел­де­тіп шешу керек. Өйткені сая­­­жайдағы азаматтар балаларын көр­­­ші­лес елді ме­кен­дегі мектеп­тер­ге та­сып әлек, – деді Жанар­бек Әшім­­жан.

Мәжілісменнің айтуынша, об­лыс бойынша ау­данның білім бөлімдері оқуға 100 пайыз дайын екенін жеткізді. Бірақ кей жерлер 2-3 айға дейін кешігетінін айтты. Бұл мәселені жергілікті атқарушы билік қолға алмақ.

Айта кетейік, Талғар ауданын­да үш ауысымды мектеп мәселесі өзек­тілігін жой­ған жоқ. Жаңа оқу жы­лында 43 мек­теп­тің бесеуі үш ауы­сымда оқытуды жал­ғастырады. Жал­пы, облыста үш ауысым­мен оқы­­татын 51 мектеп бар. Пар­тия­ның Сайлауалды бағ­дарламасы ая­сында осы мәселені жою үшін бес жылда 53 жаңа мек­тептің құ­ры­лысы жоспарланған. Ал 39 бі­лім беру нысанында сапалы күр­де­лі жөндеу жұмыстары жүргізі­леді.

Сондай-ақ Мәжіліс депутат­тары, «AMANAT» партиясы фрак­ция­сының мү­шелері Еркін Әбіл мен Екатерина Смы­шляеваның Қос­танай облысында жұмыс са­пары жалғасуда. Бүгін олар мек­теп жасын­да­ғы балаларға арналған смарт-орталықтың жұмы­сы­мен та­ны­сып, бас­қа да нысандарды ара­лады. «Юби­­­­лейный» шағынау­да­нында салы­нып жатқан смарт-ор­талық осы  өңірдің Жол карта­сына енгізілген. Ол 600-ден ас­там оқу­шыға арналған. Мұнда робото­те­х­ника және бағдарламалау ка­би­нет­те­рін, киберс­порт залы, ландшафты дизайн сту­диясы және бас­қа да бағыттар бойын­ша зерт­ха­налар ашу жоспарланған.

– Орталық тек білім алатын орын емес, бала­лар­дың жеке әле­уе­­­тін ашуға, қа­­­білетін да­мы­туға, та­лан­­тын анықтауға арналған алаң. Қостанайда мұндай ны­­сан­ның  салынып жатқаны және оның жа­қын ара­да іске қосыла­тыны қуан­тады, – деді депутат Ер­кін Әбіл.

Смарт-орталықтың жалпы ау­даны 12 мың шаршы метрден аса­ды. Оның  ай­наласы балаларға, жас­тарға ар­налған спорт алаң­дары­мен, жасыл желекпен, үш су­бұрқақпен абаттандырылады. Со­ны­мен қатар мә­жілісмендер Tele2/Altel ұялы байланыс опе­ратор­лары­ның 5G жаңа буыны­ның базалық байланыс стан­са­сына бар­ды. Облыстық Ақпа­рат­тандыру бас­қар­масының басшысы Азамат Қашиев депутаттарды жа­қында іске қосылған жаңа бай­ланыс мұнарасымен та­ныс­тыр­ды. Енді қалада Tele2 және Altel ұялы бай­­ла­ныс пайдаланушылары үшін 5G байланысы қол­жетімді.

Бұдан кейін Қостанай облы­сындағы ауылдарды бай­ланыспен қамтамасыз ету мә­селелері бойын­ша кез­десу өтті. Жиын­ға Мәжіліс және облыстық мәсли­хат де­путат­тары, Ақпараттандыру басқарма­сы­ның өкіл­дері, сондай-ақ ұялы бай­ла­ныс операторлары қа­тысты.

– Халықты сапалы байла­ныс­пен қам­тамасыз ету – әрдайым маңыз­ды мәселе. Әріптес­тері­міз­бен об­лыстың аудандары мен ауыл­­­­дарын аралаймыз, ха­лықпен кез­­десеміз. Сонда жиі қойылатын сұрақ­тар­дың бірі – шалғай елді ме­кендерді ин­тернет және тұ­рақ­ты байланыспен қам­­т­­амасыз ету. Қазір бұл ба­ғыт­та бел­сен­ді жұмыс ат­қарылып жатыр. 2025 жыл­ға дейін біз облыстың барлық ауыл­да­­рын интернетпен жә­не байла­ныс­пен қам­тамасыз етуді жоспар­лап отыр­мыз. Бұған өткен шақы­ры­­лымда депутаттар қа­был­даған заң­на­малық түзетулер ықпал ете­-ді, – деді Екатерина Смышляева.

Мәжіліс депутаттарының жұ­мыс сапары 25 та­мыз­ға дейін жал­ғасады. Халық қалаулылары шал­ғай ауыл­дарды, проблемалық ны­сандар мен  өндірістерді ара­лау­ды жоспарлап отыр.

Сондай-ақ Сыр өңіріне сапары ба­рысында Пар­ла­мент Мәжі­лісін­дегі «AMANAT» партиясы фрак­ция­­сының мүшесі Мұрат Әбенов Шиелі ауданы тұр­­­ғындарымен кез­­десіп, сайлауалды бағдарла­ма­ның жүзеге асу барысымен таныс­ты. Қабылданып жатқан заң жо­ба­ларын түсіндірді.

Депутатпен кездесуге жүзден ас­там азамат келді. Олар бала­лар­ды мектепке даярлауға берілетін қар­жы­лай көмектің әділ бөлінбеуі, көпбалалы отбасынан шық­қан және әлеуметтік аз қамтылған ба­ла­ларды мек­тепте ыстық тамақпен қамтамасыз ету, медицина са­ласындағы әлеуметтік қызмет­кер­лердің, психолог­тер­дің жалақысы­ның төмендігі, білім беру форма­ты­ның өзгеруі, міндетті әлеуметтік медици­на­лық сақтандыру қорына аударып отырған қаржыны тиімді пайдалану жөнінде ұсыныс-пі­кір­лерін ортаға салды. Мәселен, ауыл тұрғыны Айнагүл Заирова бала кү­­тіміне орай екі немересін мек­тепке даярлауға бері­летін 40 мың теңгені ала алмай отырғанын атап өтті. Оның айтуынша, қызы үш ба­ласымен қолында отыр, екеуі мек­тепте оқиды.

– Осы балаларға көмек алу үшін құжат өткізсек, ме­нің және ата­­сының бір айлық табысын есеп­теп,  көр­сеткіштен асып тұр, сол себепті сізге берілмейді де­ген жауап келді. Балалар менің қам­қор­лығымда емес қой. Бұл – бөлек от­басы. Неге ата-әжесінің та­бы­сы есеп­телуі керек. Әлеуметтік жағ­дайы неге ес­керіл­мейді? Оқушы­лар­ға мектепке дайындыққа бе­рі­летін 40 мың теңге әділ тағайын­дал­са, – деді ол.

Азаматтардың пікірін назарға алған Мұрат Әбе­нов бұл мәселелер бойынша тиісті министрлік­тер­ге ұсыныс беретінін айтты.

– Барлық ауылда халықпен кез­дескенде кө­тері­летін мәселелер бірдей. Ол – медициналық қыз­мет­тің са­пасы, міндетті әлеуметтік ме­дициналық сақтандыру қо­ры­ның жұмысы. Халық қорға  ақ­ша­сын төлейді, бірақ орнына алып жатқан сапалы  қызметі жоқ. Екін­­ші мәселе – балаларға берілетін мек­тептегі ыс­тық тамаққа бөліне­тін қаржы көлемінің әр алуандығы. Мәселен, бір ауылда бір балаға кү­ніне тамақ ішуге 200 теңге, енді бір ауылда 400 теңге қарасты­рыл­ған. Аста­на мен Алматыда 800 тең­ге, ал Назарбаев зият­керлік мек­­­­тебінде 2000 теңге деген ре­ніш­тер айтылып жатыр. Әрине, бұл өте орынды деп есептеймін. Себебі мемлекет тарапынан барлық балаға бірдей жағдай жасалуы керек. Сондықтан біз Парламент қабарға­сын­да бұл мәселе бойынша тиісті министрліктерге стан­дарттар енгізу жөнінде ұсыныс беретін боламыз, – деді Мұрат Әбенов.

Мәжіліс депутаты Юлия Ку­чинс­кая жұмыс сапарымен Егін­ді­көл ауылына барды. Алты айдан бері ауыл тұрғындарының басты проблемасына айналған ауызсу тапшылығы жөнінде аудандық мәс­лихаттағы «AMANAT» фрак­ция­сының депутаттарымен, аудан басшыларымен кездесіп, жұмыс жоспарын талқылады.

Нұра топтық су құбыры 15 тұр­ғыны бар 24 елді мекенді сумен қам­тамасыз етеді. Қорғалжын ау­да­нының аумағы арқылы өтетін су құбырының жиі бұзылуына байланысты 3 сәуірден бастап Қор­­жынкөл және Бауман ауыл­дарында ауызсу тапшылығы се­зі­ліп отыр. Сондықтан 2 мау­сым­да Егін­дікөл ауданы аумағында жер­гі­лікті ауқымдағы техногендік си­­паттағы төтенше жағдай жария­лан­­ған болатын.

– Су құбырының 90 пайы­зы­ның тозығы жеткен. Тіпті, басқа да жерлерде су жиі тоқтап қалады. Жыл басынан бері су құбырында 79 апат тіркеліп, жекелеген учас­ке­лерде су шығыны 70-80 пайызға жет­ті. Елді мекендерді ауызсумен қам­тамасыз ету үшін магистрал­ды желілердің зақымдалған учас­ке­лерін толық ауыстырып, су құ­бы­рын жаңарту қажет, – деді Егін­­­дікөл ауданының әкімі Ерлан Мұха­медин.

Депутат су шығару үшін қа­зыл­ған құдықтарды да көріп шық­ты. Тұщы су алу мақсатымен қа­зыл­ған құдықтардан әлі де таза су шықпай тұр.  Бүгінгі күні Егіндікөл ауданы әкімдігі халыққа, оның ішін­­де әлеуметтік нысандарға және басқа да мекемелерге су жеткізіп беріп жатыр. 

– Бұл жайт Парламент Мәжі­лі­­сінің және «AMANAT» партия­сы­ның  назарында. Сондықтан ал­дағы сессияда бұл маңызды мә­селені көтеріп, шешу жолын қарас­тыратын боламыз, – деді Ю.Кучинская.