Алматыда лай көшкіні басып қалған үйдің үйіндісі астынан 17 жастағы жасөспірімнің мәйіті табылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Алматыда лай көшкіні нәтижесінде іздестіру-құтқару жұмыстарының барысында сағат 10.00-дегі жағдай бойынша ақпаратқа сәйкес, лай көшкініне байланысты жедел штаб ашылды. Қазіргі уақытта жеке тұрғын үйді топырақ үйіндісінен тазарту және адамдарды іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр»,– деп атап өтті ТЖД өкілдері.
Іздеу жұмыстарына 182 маман мен 32 техника жұмылдырылды. Жедел медициналық жәрдем бригадалары жұмыс істеуде. Топырақ астында қалғандардың туыстары мен көршілеріне шұғыл психологиялық көмек көрсетілді.
«Техногендік сипаттағы лай көшкіні салдарынан ғимарат зақымданған. Алматы қаласы ТЖД және республикалық жедел-құтқару жасағының күштері лай көшкіні салдарынан қаза тапқан 2007 жылғы жасөспірімнің денесін тапты», – делінген хабарламада.
Іздеу-құтқару жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.