«Қазгидромет» синоптиктерінің болжамы бойынша, қыркүйекте республиканың солтүстік жартысында жауын-шашын ай бойы жиі жауады, үзіліс 1-3 күнге созылады.
Үсік, қар аралас жаңбыр: қыркүйек айына арналған ауа райы болжамы
Фото: istockphoto.com
7,892
оқылды

Қыркүйек айында республиканың басым бөлігінде ауа райы салқын және жауын-шашынды болады деп болжанып отыр, тек республиканың батысында қыркүйектің басында ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қазгидромет синоптиктерінің болжамы бойынша, қыркүйекте республиканың солтүстік жартысында жауын-шашын ай бойы жиі жауады, үзіліс 1-3 күнге созылады. Кей күндері республика бойынша қатты жаңбыр жауып, найзағай, бұршақ, екпінді жел болады. Еліміздің солтүстік жартысында жиі тұман түседі.

Қыркүйектің бірінші онкүндігінде ауа температурасы: республиканың батысында түнде +8+15°С, күндіз +23+30°С; республиканың оңтүстік-батысында түнде +17+25°С, күндіз +28+35°С, тек кей күндері ауа температурасының шамалы төмендеуі байқалады; Ақтөбе облысында ауа температурасы түнде +3+10°С-тан +10+15°С-қа дейін, күндіз +17+25°С-тан +22+27°С-қа дейін; Қостанай облысында түнде +2+7°С-тан, топырақ бетінде үсік болуы ықтимал, +8+13°С-қа дейін, күндіз +10+18°С-тан +17+25°С-қа дейін ауытқиды деп болжанып отыр.

Қазақстанның солтүстік және орталық облыстарында түнде +2+10°С дейін, топырақ бетінде 2° үсік болуы мүмкін, күндіз +8+15°С дейін суытады. Онкүндіктің соңында ауа температурасы шамалы жоғарылауы мүмкін.

Республиканың шығысында ауа температурасы түнде +8+16°С-тан +2+7°С-қа дейін, онкүндіктің екінші жартысында үсік болуы мүмкін, күндіз +12+23°С-тан +17+25°С-қа дейін ауытқиды;

Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында күндізгі ауа температурасы +22+30°C-тан +17+23°C-қа дейін ауытқиды деп болжанады.

Қыркүйектің екінші және үшінші онкүндігінде республиканың солтүстігінде, орталығында және шығысында түнде ауа температурасы +3+8°С, кей күндері үсік болуы ықтимал, күндіз ауа температурасы +12+19°С-тан +21+26°-қа дейін ауытқиды;

Республиканың батыс және оңтүстік облыстарында ауа температурасы түнде +7+15°С болады деп болжанып отыр. Топырақ бетінде үсік болуы мүмкін, күндіз +25+35°С-тан +15+23°C-қа дейін ауытқиды.

Үшінші онкүндікте солтүстік, орталық және шығыс облыстарда жаңбырдың соңы қарға айналуы мүмкін.

Бұл болжам консультативтік болып саналады. Оны нақтылау үшін онкүндік және апталық болжамдар шығарылады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.