Министрлік сонымен қатар жалған құжат жасағандар қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын ескертті.
Енді жалған дипломмен жүргендер қылмыстық жауапкершілікке тартылады
644
оқылды

Ғылым және жоғары білім министрлігі өтірік дипломның дәуірі аяқталғанын ресми түрде мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Вице-министр Гүлзат Көбенованың айтуынша, енді кез келген жұмыс беруші EPVO жүйесі арқылы дипломның түпнұсқалығын оңай тексере алады.

1991 жылдан бері берілген 3,5 миллионнан астам диплом цифрлық базаға енгізілген.

«Соңғы жылдары берілген дипломдарда QR-код пен сериялық нөмір бар. Сол арқылы адамның шынымен оқыған-оқымағаны әп-сәтте анықталады», – деді вице-министр.