Бұл туралы министрдің өзі хабарлады.
Мемлекеттік грант иегерлерінің тізімі қашан шығатыны белгілі болды
2,622
оқылды

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің айтуынша, ертең, яғни 7 тамыз күні мемлекеттік грант иегерлерінің тізімі жарияланады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. 

Құрметті достар, талапкерлер және ата-аналар!

Күні кеше ғана мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі республикалық комиссия отырысы аяқталды. Сәйкесінше, сіздер тағатсыздана күткен мемлекеттік грант иегерлерінің тізімі ертең, яғни 7 тамыз жарияланатындығын қуана хабарлаймын. 

Сондықтан біздің ресми ақпарат көздерімізден (https://t.me/SayasatNurbek, https://t.me/gylym_jogary_bilim, https://www.gov.kz/memleket/entities/sci?lang=kk, testcenter.kz) бақылап отыруларыңызды сұраймын! 

Қадірменді көпшілік, биыл елімізде Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы аталып жатқандығы баршаңызға мәлім. Баршаңызды айтулы мерекемен құттықтай отырып, ғылымды сүюге, білімге құштар болуға шақырамын! Кемеңгер ойдың кемесі – Абайды тануға үндей отырып, бұл челленджді әріптестеріме, барлық талапкер мен ғылым сүйер жастарға жолдаймын!- деп жазды Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.