Конференцияға әлемнің 20-дан астам елінен 10 мыңнан астам қатысушы жиналып, робототехника, жасанды интеллект және интеллектуалды өндіріс саласындағы жетекші халықаралық аландардың біріне айналды.
«Келешек мектептері» жобасының оқушылары Бейжіңде өткен Дүниежүзілік робот конференциясында Қазақстанның намысын абыроймен қорғады
Фото: gov.kz
694
оқылды

2025 жылғы 8–12 тамыз аралығында Қытайдың Бейжің қаласында Дүниежүзілік робот конференциясы (World Robot Conference 2025) және World Robot Contest жарысы өтті, - деп хабарлайды  Aikyn.kz.

DOBOT Intelligent Manufacturing Challenge байқауы аясында оқушылар DOBOT платформасында инновациялық ойларын ұсынып, өндірістік тапсырмаларды шебер орындап, командалық жұмыстағы үйлесімділігімен ерекше көзге түсті.

Қола жүлдені Шымкент қаласындағы ұлттық жоба «Келешек мектептері» аясында салынған №149 мектептің YASSI тобы жеңіп алды. Құрамы:  Нұрғаным Талас, Талғат Есенгелді.
Сондай-ақ Түркістан облысындағы ұлттық жоба «Келешек мектептері» аясында салынған №33 мектептің AquaBots тобы да марапатқа ие болды. Құрамы: Сүйінбай Боханов, Маруан Ишанхан. 

Командалардың жетекшілері – менторлар Ердоc Әбдікаримов пен Алуа Әлімжан.

Екі қазақстандық команда жоғары дайындық деңгейін, креативті ойлауын және тамаша командалық жұмысын көрсетті. Олардың жетістігі – елдегі техникалық білімді дамытуға жасалған маңызды қадам және жас қазақстандық инженерлер мен жаңашылдардың әлеуетінің артып келе жатқанын дәлелдейді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.