Жұмысшы мамандықтары жылы аясында Астана қаласында 3 желтоқсанда басталған WorldSkills Kazakhstan 2025 республикалық кәсіби шеберлік чемпионаты әлі де жалғасуда.
WorldSkills Kazakhstan 2025 республикалық чемпионатына биыл 15 жаңа құзыреттілік қосылды
Фото: gov.kz
146
оқылды

Биылғы жылы чемпионатқа қатысшулардың саны 1,5 есе артты, былтыр 548 оқушы қатысса, биыл 825 студенттің қатысуына мүмкіндік берілді, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

WorldSkills өңірлік чемпионаттарының нәтижелерін талдау негізінде 15 жаңа құзыреттілік қосылды. Олардың қатарында өнеркәсіптік дизайн, локомотивті басқару, ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалану, құтқару жұмыстары, ветеринария, зертханалық-химиялық талдау, АКТ желілік инфрақұрылымы, мектепке дейінгі тәрбие, флористика, ақпараттық қауіпсіздік, цифрлық модельдеу, тоңазытқыш және желдету техникасына қызмет көрсету, қонақүй ресепшені, 1С платформасында бизнес-процестерді автоматтандыру құзыреттіліктері бар.

«Енгізілген жаңа құзыреттіліктер қазіргі технологиялық және салалық үрдістерді, сондай-ақ еңбек нарығының сұранысын көрсетеді. Бұл кадрлық әлеуетті дамытуға және ТжКБ жүйесі мен бизнес-сектор арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді», – дейді ҚР Оқу-ағарту министрлігі Техникалық және кәсіптік білім беру департаментінің басшысы Әсет Мұхамбетов.

Айта кету керек, чемпионат жеңімпаздары 2026 жылы Қытайда өтетін халықаралық WorldSkills чемпионатына жолдама алады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.