Орал қаласындағы № 28 түзету мекемесіне есірткі және басқа тыйым салынған заттарды заңсыз тасымалдау дерегі анықталды, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
БҚО прокуратурасының баспасөз қызметінің мәліметінше, режимдік талаптарды қамтамасыз ету аясында жүргізілген тексеру барысында жеке кәсіпкер ұсталған. Ол аталған колонияға марихуана салынған 7 ZIP-пакетті, 17 ұялы телефонды, 6 USB-кабельді, 8 SIM-картаны, аудио және бейнежазба құрылғысын әдейі жасырын жолмен жеткізген.
- Ұлттық қауіпсіздік комитетінің БҚО бойынша департаменті облыс прокуратурасының үйлестіруімен жедел-іздестіру шараларын атқарды. Қазір департамент сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр, - деп хабарлады ведомстводан.