2025 жылы Seifullin University халықаралық академиялық кеңістіктегі өз орнын сенімді түрде нығайтып, жаһандық және өңірлік рейтингтерде сапалы жоғарылауға қол жеткізіп, беделді кәсіби қауымдастықтар тарапынан мойындалды.
Ұлттық көшбасшылықтан әлемдік деңгейге
85
оқылды

Бұл жетістіктер интернационалдандыруға бағытталған жүйелі стратегияның, білім мен ғылым сапасын өлшейтін нақты көрсеткіштерге бағдарланудың, сондай-ақ әлемдік сараптамалық диалогқа белсенді қатысудың нәтижесі болды.

Өтіп бара жатқан жылдың басты оқи­ғаларының бірі – университет делега­ция­сының 2025 жылғы 9-11 желтоқсан ара­лы­­­­ғында Біріккен Араб Әмірліктерінің Абу-Даби қаласында өткен More Sus­tainable Future атты Үшінші халық­ара­лық конференцияға қатысуы. Конференцияны ака­демиялық рейтингтер мен үздік тә­жіри­белер жөніндегі беделді халықаралық ұйым – IREG (Academic Ranking and Exce­llence Observatory) ұйымдастырды. IREG академиялық рейтингтер саласында ұлт­тық және жаһандық рейтинг агент­тік­терін, университеттерді, зерттеу орталық­та­рын және жоғары білім сапасын бағалау жө­ніндегі сарапшыларды біріктіретін же­текші халықаралық қауымдастық. Ұйым университеттік рейтингтердің ашық­тығы, салыстырмалылығы мен се­нім­ділігіне арналған халықаралық стан­дарттарды қалыптастыруда маңызды рөл атқарады, сондай-ақ академиялық орта, мемлекеттер мен рейтингтік ұйымдар ара­сындағы жаһандық диалог алаңы ре­тінде қызмет етеді. IREG-тің Үшінші ха­лықаралық конференциясының та­қыры­бы – «Болашақ индустриясы: та­биғат, технология және қоғамның ин­теграциясы». Бұл университеттердің тұ­рақты даму мен жаһандық трансфор­ма­ция­лардағы рөлін талқылауға негіз қа­ла­ды.

2025 жылғы 9 желтоқсанда өткен IREG-тің жалпы жиналысы аясында Sei­fullin University осы беделді халықаралық ұйым­ның мүшелігіне салтанатты түрде қабыл­данды. Осылайша, университет IREG құрамына енген Қазақстандағы бесінші жоғары оқу орны атанды. Бұл оқиға тек университет үшін  емес, тұтастай алғанда елдің жоғары білім беру жүйесі үшін де ерекше маңызға ие. Аталған қадам қазақстандық университеттердің халық­аралық беделінің артып келе жатқанын, білім мен ғылым сапасын бағалаудың жаһан­дық үдерістеріне белсенді түрде кірігіп отырғанын, сондай-ақ Seifullin University-дің академиялық ашықтық, тұрақты даму және ғылыми жетістік стан­дарттарын ілгерілетуге қосқан үлесінің халықаралық деңгейде мойындалғанын көрсетеді.

Тағы бір маңызды жетістік – Seifullin University-дің ASIA-2026 халықаралық уни­верситеттер рейтингіне алғаш рет қа­тысуы. Кешенді бағалау нәтижесі бойын­ша университет Азия құрлығындағы 6 мыңнан астам жоғары оқу орнының ара­сынан #241–260 орынға ие болып, Азия­ның үздік 260 университетінің қатарына енді.

ASIA-2026 рейтингінің әдіснамасы уни­верситеттердің қызметін негізгі алты бағыт бойынша бағалайды: оқыту (30%), бедел (20%), ғылыми зерттеулер (20%), түлектердің жұмысқа орналасуы (10%), қо­ғаммен өзара іс-қимыл (10%) және ин­тернационалдандыру (10%). Бұл тәсіл уни­верситеттің рейтингтегі орнын ай­қындап қана қоймай, оның стратегия­лық артықшылықтары мен даму әлеуетін де анықтауға мүмкіндік береді.

Seifullin University түлектерінің жұ­мыс­қа орналасу көрсеткіші ерекше жо­ғары бағаланды: 57,2% көрсеткіші Exce­llent (өте жоғары) деңгейімен белгіленіп, Азия бойынша орташа мәннен (46,9%) және өңірдің ТОП-10 университеттері көрсеткішінен (47,7%) айтарлықтай асып түсті. Бұл әлемдік жетекші университеттер дең­гейіне сай келіп, білім беру бағдар­ла­маларының практикалық бағыттылығын және олардың еңбек нарығының заманауи талаптарына сәйкестігін айғақтайды.

Халықаралық мойындаудың тағы бір маңызды дәлелі – Seifullin University-дің 2025 жылғы қорытынды бойынша әлем­нің ТОП-1000 университеті қатарына енуі. Top1000 рейтингі – ашық деректерді тал­дау мен алгоритмдік өңдеуге негіздел­ген тәуелсіз коммерциялық емес бастама. Ақылы қатысудың, коммерциялық ық­палдың және қолмен сараптамалық ше­шім­дердің болмауы нәтижелердің ашық­тығы мен сенімділігін қамтамасыз етеді. Уни­верситеттің Top1000 тізіміне енуі оның жаһандық деңгейдегі тұрақты беделі мен бәсекеге қабілеттілігін рас­тайды.

Жалпы алғанда, қол жеткізілген нәти­желер Seifullin University дамуының сапалы жаңа кезеңін көрсетеді. Халық­ара­лық мойындау, беделді рейтингтік құры­лымдарға мүшелік және жаһандық әрі өңірлік рейтингтердегі сенімді пози­ция­лар университеттің Қазақ­стан­дағы же­текші ғылыми-білім беру орталық­тарының бірі ретіндегі мәртебесін нығай­тып, әлемдік академиялық кеңістікке одан әрі интеграциялануға және ауқымды стратегиялық мақсаттарды жүзеге асыруға бе­рік негіз қалайды.

Әмина МҰХАНБЕТ