Айта кетейік, елімізде ауа райының қолайсыздығына байланысты жолдар жабылып жатқанын жазған болатынбыз.
Қазақстанның тағы екі облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды
www.istockphoto.com
199
оқылды

ҚазАвтоЖол ұлттық компаниясы ауа райының нашарлауына байланысты еліміздің тағы екі өңірдегі республикалық маңызы бар жолдардың жекелеген учаскелерінде көлік қозғалысына шектеу қойылғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Aikyn.kz

Ақмола облысыyда 30 желтоқсан күні сағат 04:30-да республикалық маңызы бар «KAZ 01 «Астана-Қарағанды-Алматы» 30-92-шақырым аралығында (Жібек-Жолы аулынан Анар стансасына дейін) барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылды.  Республикалық маңызы бар «Астана-Қорғалжын» 36-180-шақырым аралығында Ақмол ауылынан-Қаражар ауылына дейінгі жол жабылды. 

Мәселен, республикалық маңызы бар «Астана-Қабанбай батыр-Нұра-Теміртау» 35-51-шақырым аралығында (Қабанбай батыр ауылынан Қарағанды обл, шекарасына дейін ) барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылды.

Бүгінгі сағат 05:00-де ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар «Астана-Көкшетау-Петропавл-РФ шекарасына дейін» 18-232-шақырым аралығында Астана қаласынан-Щучинск қаласына дейін көлік қозғалысына шектеу қойылған. 

Қарағанды облысы бойынша 30 желтоқсан күні сағат 04:45-да республикалық маңызы бар «Астана-Қабанбай батыр-Нұра-Теміртау» 51-101-шақырым аралығында Ақмола облысының шекарасынан Нұра ауылына дейінгі жол қозғалысына шектеу қойылды.