YouTube-тың 55 минуттық фильмінде ЖИ индустриясына аса қажетті кремний пластиналары қалай жасалатыны көрсетіледі. Құпияға толы ASML машинасы 400 миллион доллар тұрады.
400 миллион доллар тұратын құпия машинаны қытайлықтар еуропалық компанияның бұрынғы қызметкерлерін сатып алып жасаған
Голландиялық компанияның литографиялық құпия машинасы. Фото scmp.com сайтынан алынды. Авторлығы: Reuters
364
оқылды

Aikyn.kz құпия машинаның жұмыс істеу принципін gizmodo.com материалына сүйеніп түсіндіреді.

Мемлекет басшылары да селфиді ұнатады! Оңтүстік Корея президентінің қолында Xiaomi смартфоны. Бейжің, 5 қаңтар 20026 жыл. Фото hongkongfp.com сайтынан алынды. Авторлығы: Lee Jae-myung

ЖИ индустриясы әлем экономикасын алға сүйрейтін драйвер рөлін атқара бастады. Инвесторлардың жүздеген миллиард доллар қаржысын «жұтып», экономикалық белсенділікті қозғап тұрған осы құбылыс. Біреулерге ұнамаса да, дәл осы жүйе басқа салаларда өзіне бағындыра бастады.

NVIDIA, Intel сияқты графикалық процессор шығаратын компаниялар кремний пластиналарынсыз ауа жұта алмайды.  YouTube-тағы жаңа 55 минуттық видео осы пластиналарды жасайтын 400 миллион долларлық машина туралы егжей-тегжейлі түсініктеме береді. Фильм – ASML компаниясының EUV-литография жүйесі туралы. Видеода бұл технологияның қалай және не үшін жасалғаны, сондай-ақ қалай жұмыс істейтіні баяндалады. Видео шамамен 11 миллион қаралым жинап үлгерген екен. Ғылыми-танымдық тақырып үшін бұл шынымен үлкен көрсеткіш. Видео көп ғылыми-көпшілік материалдарда кездесетін арзан штамптардан қашқан. 

Лазерлік литография (EUV-литография) – заманауи микроэлектроника мен жартылай өткізгіштер өндірісінің негізін құрайтын аса маңызды технология. Бұл әдіс кремний пластиналарының (wafer) бетіне микроскопиялық деңгейде электрондық сызбаларды дәл түсіруге мүмкіндік береді. Дәл осы процесс арқылы қазіргі компьютерлерде, смартфондарда, серверлерде және жасанды интеллект жүйелерінде қолданылатын чиптер жасалады.

Лазерлік литографияның мәні – жарықтың, нақтырақ айтқанда лазер немесе ультракүлгін сәуленің көмегімен арнайы фотосезімтал қабатқа қажетті үлгіні түсіру. Алдымен кремний пластинасы фотолак деп аталатын химиялық қабатпен қапталады. Кейін лазер сәулесі маска арқылы немесе тікелей басқару жүйесімен осы қабатқа бағытталып, қажетті схема «жазылады». Сәулеленген бөліктер химиялық өңдеуден кейін алынып тасталады немесе керісінше сақталып, микроскопиялық транзисторлар мен өткізгіш жолдар қалыптасады.

Технология дамыған сайын лазерлік литография да күрделене түсті. Қазіргі таңда ең озық әдіс – экстремалды ультракүлгін литография (EUV), ол толқын ұзындығы небәрі 13,5 нанометр болатын сәулені пайдаланады. Мұндай дәлдік бір тырнақтың үстіне миллиардтаған транзистор орналастыруға мүмкіндік береді. Бұл – есептеу қуатының артуы, энергия тиімділігінің жақсаруы және құрылғылардың кішіреюі деген сөз.

Лазерлік литография тек технологиялық жетістік емес, сонымен қатар геосаяси және экономикалық маңызы зор сала. Мұндай жабдықтарды санаулы ғана компаниялар шығара алады, ал оларсыз чип өндірісі мүмкін емес. Сондықтан лазерлік литография қазіргі әлемде технологиялық тәуелсіздік, ұлттық қауіпсіздік және экономикалық бәсекелестіктің негізгі факторларының біріне айналды.

Лазерлік литография – көзге көрінбейтін, бірақ бүкіл цифрлық өркениеттің іргесін ұстап тұрған шешуші технология. Голландиялық ASML компаниясы ғана әлемде EUV литография машиналарын шығаратын жалғыз компания саналады. АҚШ билігі оларға да Қытайға графикалық процессорларды жасау құпиясын беруге тыйым салды. Бірақ бірнеше апта бұрын Шэньчжэньдегі қытайлық команда ASML-нің бұрынғы қызметкерлерін өз жағына тартып, 400 миллион долларлық машинаның прототипін жасағаны туралы ақпарат шықты. Мұның соңы немен аяқталатынын ешкім білмейді.

400 миллион долларлық машина да бір күні технологиялық экономиканың інжу-маржаны болудан қалады. Мур заңы әрі қарай жүре береді, есептеу қуаты арта береді. Ал 1 миллиард долларлық машина жасалғанда 400 миллион долларлық машина электронды қалдыққа айналады. Әзірше, осы үлгіні мұқият зерттеп үлгерейік.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.