11-сынып оқушысы Әсел Абдурахимова 10 тілде еркін сөйлейді.
Он тілде еркін сөйлейтін жас полиглот Қазақстанда тұрады
Фото: gov.kz
270
оқылды

Кішкентайынан әлем тілдерін меңгеруге қызығушылық танытқан Әсел орыс, француз, ағылшын, қытай тілдерін әуелі өз бетінше интернеттен ізденіп, үйренген, – деп хабарлайды Aikyn.kz Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Кейін арнайы тіл курстарына қатысып, испан, өзбек, итальян және жапон тілдерін меңгереді. Әлем елдерінің мәдениеті мен тіліне қызыққан Әсел бірінші сыныпта әлем елдерінің астаналарын жатқа айтатын болды, үшінші сыныптан бастап француз тілін үйрене бастайды.

Бүгінде Әсел тәжік (ана тілі), өзбек (C1), қазақ (C1), орыс (C1), ағылшын (C2), француз (C1), қытай (B1), испан (A2), итальян (A2) және жапон (N4) тілдерінде еркін сөйлейді. Қытай тілі бойынша халықаралық HSK 3 деңгейі (B1) емтиханын тапсыруға дайындалып жүр.

«Мен жиһанкез болуды, аралаған әр елдегі адамдармен өз тілінде еркін сөйлесуді армандаймын. Әр тіл жаңа мәдениетке жол ашатын кілт іспеттес. Бұнымен тоқтап қалмаймын, алдағы уақытта араб тіліне ден қойып, БҰҰ-ның алты ресми тілін толық меңгергім келеді», - дейді жас полиглот Әсел.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.