Астанада бірінші ауысымдаға оқушылар мектепке бармайды.
Астанада бірінші ауысымдағы оқушылар онлайн оқиды
Фото: Астана әкімдігі
128
оқылды

Ертең, 6 ақпанда ауа райының қолайсыздығына байланысты Астанада бірінші ауысымдаға оқушылар мектепке бармайды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Астана қаласы Білім басқармасы оқушылар онлайн оқитынын мәлім етті.

«2026 жылғы 6 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады», - делінген хабарламада.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 6 ақпан күні Астанада қалың қар жауып, көктайғақ болады. Түнде және таңертең тұман, күндіз бұрқасын болжанып отыр. 

Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып, жылдамдығы 9-14 м/с, ал таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде және күндіз -1…-3°С, күндіз одан әрі төмендейді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.