2026 жылғы 11-13 ақпан аралығында Астанадағы EXPO халықаралық көрме орталығында ALEM TECH FEST 2026 фестивалі өтеді.
ALEM TECH FEST 2026 фестивалінде әлемнің 7 елінен 5 000-нан астам оқушы бас қосады
Фото: gov.kz
260
оқылды

Бұл – Қазақстан мен Орталық Азиядағы робототехника, жасанды интеллект, STEM және инженерлік шығармашылық бағытындағы ең ірі іс-шара. 15 000 шаршы метр аумақта Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Эстония, Гонконг және Вьетнамнан келген шамамен 5 000-нан астам қатысушы өз жобаларын ұсынады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Фестиваль аясында FIRST бағдарламасы бойынша өтетін Central Asia FIRST Championship халықаралық чемпионатында қатысушылар инженерлік жобаларын ұсынады. Одан бөлек, Alem Drone League дрон жарыстары, гуманоид роботтар, RoboCup, Battle of Bots және Hour of AI сияқты бағыттар бар.

Чемпионат нәтижесінде 50 үздік команда анықталып, оның 14-і АҚШ-тың Хьюстон қаласында өтетін FIRST Championship әлемдік финалына жолдама алады. Қалған командалар Канада, Мексика, Нидерланды, Түркия, БАӘ, Қытай, Грекия және Оңтүстік Кореядағы халықаралық жарыстарға қатысады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.