№85 мектеп-лицейі Халықаралық бакалавриат (IB) бастауыш мектеп бағдарламасы – Primary Years Programme (PYP) бойынша ресми авторизация алып, Қазақстандағы мемлекеттік мектептер арасында бірегей жетістікке қол жеткізді.
Елордалық білім ордасы Халықаралық бакалавриаттың IB PYP мектебі атанды
Фото: gov.kz
109
оқылды

Астанада «Шейх Тәмим бен Хамад әл-Тәни атындағы №85 мектеп-лицейі» ресми түрде Халықаралық бакалавриаттың IB PYP мектебі атанды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

PYP бағдарламасын енгізу идеясы алғаш рет мектептің орта буын сыныптары Middle Years Programme (MYP) статусын алғаннан кейін пайда болды. 2021 жылы MYP авторизациясын алғаннан кейін бастауыш мектеп 2023 жылы дайындықты бастап, сол жылы бағдарламаға қызығушы мектеп ретінде тіркелді. 2024 жылда кандидаттық статусқа ие болып, бірнеше тексеріс визиттерінен өтіп, 2026 жылдың 13 ақпан күні ресми нәтижеге жетті.

Осы уақыт аралығында ұстаздарымыз кәсіби шеберліктерін халықаралық деңгейде арттырып, IB ұсынған фасилитатор-тренерлердің курстарынан өтті. Сонымен қатар вебинарлар мен конференцияларда өз тәжірибелерімен бөлісіп, білім беру сапасын жаңа деңгейге көтерді. Аталмыш білім ордасында бүгінде 3 000-ға жуық оқушы білім алып жүр.

Айта кетерлігі, №85 мектеп-лицей республика бойынша мемлекеттік мектептердің ішінен Халықаралық бакалавриаттың екі бірдей бағдарламасы – MYP және PYP статусын алған алғашқы оқу орны. Алдағы уақытта мектептің IB-дің Дипломдық бағдарламасын (DP) енгізуге де мүмкіндігі бар. Бұл жаңа қадам оқушыларға әлемдік деңгейде жоғары білімге жол ашып, олардың болашақтағы академиялық және кәсіби жетістіктеріне негіз болмақ.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.