. Тараптар тілдік дайындықты халықаралық стандарттарға сәйкестендіру, тәжірибе алмасу және болашақта ортақ бағдарламалар ұйымдастыру мүмкіндіктерін қарастырды.
Жетісу университетінде студенттер итальян тілін меңгеріп жатыр
87
оқылды

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетіне итальян тілі оқытушысы Алессандро Грасси және «Letteratè» итальян тілін меңгеру орталығының директоры Любовь Грасси ресми іссапармен келді. Бұл сапар университеттің халықаралық ынтымақтастығын кеңейту және шетел тілдерін оқыту сапасын арттыру бағытындағы жүйелі жұмысының жалғасы болды.

Кездесу барысында университет басшылығымен Марке политехникалық университеті филиалы студенттері мен оқытушыларына итальян тілін оқыту ісін жетілдіру, оқу-әдістемелік базаны күшейту, бірлескен білім беру жобаларын жүзеге асыру және алдағы уақытта академиялық байланыстарды нығайту мәселелері жан-жақты талқыланды. Тараптар тілдік дайындықты халықаралық стандарттарға сәйкестендіру, тәжірибе алмасу және болашақта ортақ бағдарламалар ұйымдастыру мүмкіндіктерін қарастырды.

Сонымен қатар Алессандро Грасси курсқа қатысушы студенттер мен оқытушыларға арнап интербелсенді форматта ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында тыңдаушылар итальян тілінің сөйлеу мәдениеті, дұрыс дыбыстау, күнделікті қарым-қатынаста қолданылатын тілдік құрылымдар және заманауи оқыту әдістерімен танысты. Практикалық тапсырмалар арқылы қатысушылар тілдік дағдыларын жетілдіріп, итальян тілін нақты жағдаяттарда қолдану тәжірибесін алды.

Айта кету керек, аталған итальян тілі курсы 2025 жылғы 12 желтоқсанда басталған. Бүгінде курс онлайн және офлайн форматта жүргізіліп, студенттер мен оқытушылардың тілдік құзыреттілігін арттыруға бағытталған. Бағдарлама қатысушыларға шетелдік әріптестермен еркін қарым-қатынас орнатуға, академиялық және мәдени байланыстарды дамытуға мүмкіндік беріп отыр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.