Иранның зымыран-дрон шабуылы кезінде АҚШ-тың E-3 Sentry үлгісіндегі алыс радиолокациялық анықтау ұшағы жойылғаны туралы ақпарат тарады. Бұл туралы The Telegraph хабарлады. Оқиға Сауд Арабиясындағы «Принц Сұлтан» әуе базасында болған.
Мәлімет бойынша, бұл ұшақ ауыр зақым алып, толық істен шыққан. АҚШ қарулы күштерінде мұндай үлгіден бар болғаны 16 ғана бар, ал әрқайсысының құны шамамен 500 миллион долларды құрайды. Бұған дейін осы шабуыл кезінде бірнеше жанармай құю ұшақтары зақымданып, 12 америкалық әскери жараланғаны хабарланған.
E-3 Sentry — әуе кеңістігін бақылауға арналған стратегиялық ұшақ. Ол жүздеген шақырым қашықтықтағы әуе нысандарын анықтап, әскери операцияларды үйлестіруге мүмкіндік береді.