Дисквалификация мерзімі 2026 жылдың 21 ақпанынан басталып, 2027 жылдың 21 ақпанына дейін жалғасады.
UFC-дегі алғашқы допинг дауы: Әліби Ыдырыс бір жылға шеттетілді
qazsporttv.kz
187
оқылды

Қазақстандық UFC жауынгері Әліби Ыдырыс антидопинг ережелерін бұзғаны үшін бір жылға дисквалификация алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

2026 жылдың 21 ақпанында АҚШ-тың Хьюстон қаласында өткен UFC Fight Night турнирінде алынған допинг-сынама нәтижесінде спортшының ағзасынан тыйым салынған гидрохлоротиазид заты анықталған. Бұл – диуретиктер мен маскировка жасайтын препараттар қатарына кіретін, кез келген уақытта қолдануға қатаң тыйым салынған зат.

Айта кеткен жөн, дәл осы кеште Әліби Ыдырыс төрешілердің шешімімен қарсыласы Оде Осборнды жеңген еді. Бірақ кейін белгілі болғандай, спортшы аталған препаратты жекпе-жекке екі күн қалғанда, яғни 19 ақпанда салмақ қуу кезінде қабылдағанын мойындады.

Антидопинг ұйымымен толық ынтымақтастық танытқанына қарамастан, жаза мерзімі қысқартылған жоқ. CSAD бұл әрекетті жекпе-жек аптасында әдейі қолданылған және спортшыға артықшылық берген өрескел ереже бұзушылық деп бағалады.

Дисквалификация мерзімі 2026 жылдың 21 ақпанынан басталып, 2027 жылдың 21 ақпанына дейін жалғасады.

Қазіргі таңда Texas Department of Licensing and Regulation бұл жағдайға қатысты қосымша шешім қабылдауы тиіс. Егер ереже бұзушылық толық расталса, Ыдырыстың Оде Осборнға қарсы жеңісі жойылып, жекпе-жек нәтижесі өтпеген деп танылуы мүмкін.

Осылайша, Әліби Ыдырыс UFC тарихында допинг сынамасынан өте алмаған алғашқы қазақстандық спортшы ретінде тіркелді.