World Boxing президенті ретінде ол турнирдің ресми іс-шараларына қатысады. Жарыс ұйым қамқорлығымен өтіп, құрлықтың үздік боксшыларын жинаған.
Головкин Моңғолияда өтіп жатқан Азия чемпионатына арнайы барды
111
оқылды

Геннадий Головкин Моңғолия астанасы Улан-Батор қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия чемпионатына келді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

World Boxing президенті ретінде ол турнирдің ресми іс-шараларына қатысады. Жарыс ұйым қамқорлығымен өтіп, құрлықтың үздік боксшыларын жинаған.

Қазақстан құрамасы чемпионатқа толық құраммен — 20 спортшымен (10 ер, 10 әйел) қатысуда. Турнир 10 сәуірге дейін жалғасады.

Айта кеткен жөн, Г. Головкин – 2004 жылғы Олимпиаданың күміс жүлдегері және кәсіпқой бокстағы бұрынғы әлем чемпионы. Жуырда ол Халықаралық бокс даңқ залына енді.