Еліміздің білім беру ұйымдарында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Балалар кітапханасы» жобасын жүзеге асыру жалғасуда. Бұл шара шеңберінде білім беру ұйымдарында балалар әдебиеті онкүндігі басталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Онкүндік аясында мектептерде кітап көрмелері, әдеби кездесулер, ертегі оқу сағаттары, шығармашылық байқаулар, пікірталастар және отбасылық оқу мәдениетін насихаттайтын түрлі форматтағы тәрбиелік-танымдық іс-шаралар ұйымдастырылуда.
Сонымен қатар бастама мектеп кітапханасының білім беру үдерісіндегі рөлін арттыруға, кітапханашылар, мұғалімдер, оқушылар мен ата-аналар арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік береді.
Жоба аясындағы іс-шараларға 1-11-сынып оқушылары, мектеп кітапханашылары, пән мұғалімдері, сынып жетекшілері және ата-аналар қатысуда.
Айта кетейік, аталған онкүндік балалар әдебиетінің үздік үлгілерін кеңінен насихаттауға, оқушылардың сөйлеу мәдениеті мен шығармашылық ойлауын дамытуға, сондай-ақ отбасылық кітап оқу дәстүрін қалыптастыруға бағытталған маңызды мәдени-ағартушылық бастама болмақ.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
