Зерделеу нәтижесінде білім беру процесіне қойылатын талаптардың сақталмағаны және бірқатар кемшіліктерге жол берілгені белгілі болды.
Сарыағаштағы мектепте оқушылар сыныпта карта ойнап, директор жұмыстан кетті
99
оқылды

Түркістан облысы Сарыағаш ауданы аумағындағы мектептердің бірінде оқушылардың сынып ішінде карта ойнап отырған сәті әлеуметтік желіде тарады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Облыстық Білім басқармасының мәліметінше, оқиға №38 Мұқағали Мақатаев атындағы жалпы білім беретін мектепте болған. Аталған жағдайды алдымен басқарманың өзі анықтап, жедел түрде арнайы тексеру жүргізген.

Зерделеу нәтижесінде білім беру процесіне қойылатын талаптардың сақталмағаны және бірқатар кемшіліктерге жол берілгені белгілі болды.

Ресми ақпаратқа сәйкес, кінәлі тұлғаларға тәртіптік және заң аясында шаралар қабылданады. Қазіргі таңда мектеп директоры мен алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің мұғалімі өз өтінішімен жұмыстан кеткен. Сонымен қатар директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметінен босатылған.

Басқа да әкімшілік өкілдері — тәрбие, бейіндік және оқу ісі жөніндегі орынбасарлар еңбекке жарамсыздық мерзімі аяқталған соң, қызметінен босатылатыны хабарланды.