2026 жылғы 27-30 сәуір аралығында Өскемен қаласында дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты базасында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі Қанипа Омарғалиқызы Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиетінен дәстүрлі республикалық олимпиада өтіп жатыр, – деп хабарлайды Аikyn.kz.
Олимпиадаға республиканың білім беру ұйымдарының 9-11-сынып оқушылары арасынан өңірлік іріктеу кезеңінен өткен 220 оқушы қатысуда. Олимпиаданың мақсаты – оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша білімдерін тереңдету және жетілдіру, ұлттық мәдениет пен дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу, сондай-ақ олардың зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Республикалық кезең екі айналымнан тұрады. Оның бірінде оқушылар эссе жазса, екінші айналымда сынақты ауызша тапсырады. Қатысушылар қазақ тілі мен әдебиеті шығармалары, Қ.О.Бітібаеваның өмірбаяны, ғылыми-педагогикалық мұрасы және публицистикалық еңбектері бойынша білімдерін сарапқа салады. Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.
