Бұл жобаларда сенсорлық деректерді талдау, автоматты шешім қабылдау және интеллектуалды басқару жүйелері енгізіліп жатыр.
«Келешек мектептері»: Қостанай облысындағы білім ордасында инновациялық жобалар жүзеге асырылып жатыр
105
оқылды

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Арқалық қаласы білім бөлімінің №7 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де, «Келешек мектептері» жобасы аясында салынған заманауи білім беру ордасында Arduino, IoT және жасанды интеллект (ЖИ) технологиялары негізінде инновациялық жобалар жүзеге асырылып жатыр. 

Атап айтқанда, “SMART GREENHOUSE” ақылды жылыжайы, мектептің автономды энергия және суару жүйесін моделдеу, сондай-ақ Arduino негізінде ақылды аэропорт макетін басқару жүйесін құрастыру және ЖИ элементтерімен автоматтандыру жобалары жасалып жатыр. 

Бұл жобаларда сенсорлық деректерді талдау, автоматты шешім қабылдау және интеллектуалды басқару жүйелері енгізіліп жатыр. Аталған жұмыстар оқушылардың робототехника, бағдарламалау, инженерлік ойлау және жасанды интеллект бағытындағы білімін дамытып, зерттеу қабілеті мен цифрлық сауаттылығын арттыруға бағытталған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.