Қазақстандық оқушылар бірден екі марапатқа ие болып, еліміздің робототехника саласындағы әлеуетін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Қазақстан оқушылары Қытайдағы халықаралық робототехника турнирінде екі марапатқа ие болды
Фото: Оқу-ағарту министрлігі
158
оқылды

Жетісу облысындағы дарынды балаларға арналған Жыланды мамандандырылған лицей-интернатының «Water7» командасы Қытайдың Шанхай қаласында өткен «The CaoLu Cup» халықаралық робототехника турнирінде табысты өнер көрсетті, - деп жазды  Aikyn.kz.    

Қазақстандық оқушылар бірден екі марапатқа ие болып, еліміздің робототехника саласындағы әлеуетін тағы бір мәрте дәлелдеді. Команда Inspire Award номинациясы бойынша 3-орын алып, Judges' Choice Award Winner арнайы жүлдесін жеңіп алды. ️

«The CaoLu Cup» - FIRST Tech Challenge халықаралық бағдарламасы аясында өтетін беделді робототехника турнирі. Жарыс барысында қатысушылар роботтарды өздері құрастырып, бағдарламалап, түрлі инженерлік тапсырмаларды орындады. 

Оқу-ағарту министрлігі мәліметінше, турнирге Азияның және әлемнің бірнеше елінен келген үздік командалар қатысты. «Water7» құрамында 10-11 сынып оқушылары Кенесбек Нұралы, Меліс Арай, Тоқтасын Қуаныш, Аликұлы Омар, Абузяров Зариф, Истеусиз Еңлік, Сабыр Ақгүл, Ерболат Бекнұр, Бақыт Шыңғыс, Әлімхан Асылжан, Жігер Айжан, Ардақ Ақерке, Кенесбек Аяна, Тасболат Иманғали және Серік Дина бар. Команданы халықаралық турнирге Айдос Ордабаев пен Алмас Жанатов дайындады. Бұл жетістік қазақстандық оқушылардың инженерлік ойлау, командалық жұмыс және заманауи технологияларды меңгеру деңгейінің жоғары екенін көрсетті.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.