Бұл іс бойынша тергеуді Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері жүргізіп жатыр.
"Алаяқтық жасады": Қостанайда қалалық білім бөлімінің басшысы ұсталды
фото: www.istockphoto.com
130
оқылды

Қостанайда қалалық білім бөлімінің басшысы ұсталды. Прокуратураның мәліметінше, ол алаяқтық жасады деген күдікке ілінген,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл іс бойынша тергеуді Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері жүргізіп жатыр. Тергеу нұсқасына сәйкес білім бөлімінің лауазымды тұлғалары мен өзге де күдіктілер мектептерге бөлінген бюджет қаражатын жымқырған болуы мүмкін.

Қылмыстық іс аясында күдіктілердің жұмыс орындары мен үйлерінде тінту жүргізілген. Сол күні білім бөлімінің басшысы да ұсталған.