Рейтингке жалпы қазақстандық ЖОО-нан 24 университет енді.
Жетісу университеті THE Impact Ratings 2026 рейтингінде жоғары нәтиже көрсетті
фото: баспасөз қызметінен алынды
171
оқылды

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті  Times Higher Education Sustainability Impact Ratings 2026  жаһандық рейтингіне қатысып, әлемнің 116 елінен 1 646 университет арасында 1 001-1 500-орынды иеленді, – деп хабарлайды Aikyn.kz cайты.

Рейтинг шеңберінде білім беру сапасы, гендерлік теңдік, әріптестік, лайықты еңбек және экономикалық өсу, академиялық еркіндік, қоғамдық өмірге қатысу және орнықты дамудың басқа да негізгі аспектілері  сараланды. 

Университет тұрақты дамудың 17 мақсаты аясында 10 позицияға ие болды: 

- Кедейлікті жою бойынша 401-600; 

- Индустрияландыруды, инновацияларды және инфрақұрылымды дамыту бойынша 401-600; 

- Теңсіздікті қысқарту бойынша 401-600; 

- Таза сумен және санитариямен қамтамасыз ету бойынша 401-600; 

- Лайықты жұмыс пен экономикалық өсуді қамтамасыз ету бойынша 601-800; 

- Бейбітшілікті, сот төрелігін және тиімді институттарды қамтамасыз ету бойынша 601-800; 

- Гендерлік теңдікті қамтамасыз ету бойынша 801-1000; 

- Денсаулық пен әл-ауқатты қамтамасыз ету бойынша 1000+; 

- Сапалы білім беруді қамтамасыз ету бойынша 1000+; 

- Тұрақты даму мүддесіндегі әріптестікті дамыту бойынша 1001-1500.

Рейтинг аясында жүргізілген тәуелсіз сараптау нәтижелері университеттің дамуы аймақтың және жалпы елдің әлеуметтік, экологиялық және экономикалық аспектілерін шешуге бағытталғанын айғақтады.