Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Ақтөбеде көпқабатты үйден 34 тұрғын, оның ішінде 9 бала эвакуацияланды
188
оқылды

Түнгі уақытта Ақтөбе қаласының 12-шағын ауданындағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде өрт шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт тоғызыншы қабаттағы пәтерден тұтанған. Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар баспалдақ арқылы 34 тұрғынды, оның ішінде 9 баланы қауіпсіз жерге эвакуациялады.

Өрт 25 шаршы метр аумақта оқшауланып, толықтай сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.