Ал Рыбакина Canadian Open-2026 турнирінде қатарынан екі жеңіске жетіп, төртінші айналымға өтті.
Елена Рыбакинаның Торонтодағы келесі қарсыласы анықталды
99
оқылды

Қазақстандық теннисші, әлемнің екінші ракеткасы Елена Рыбакина Toronto-да өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің 1/8 финалында ресейлік Людмила Самсоновамен кездеседі, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Әлемдік рейтингте 55-орында тұрған Самсонова турнирдің үшінші айналымында австралиялық Майя Джойнтты (75) үш сетте – 7:5, 6:7, 6:2 есебімен жеңді.

Ал Рыбакина Canadian Open-2026 турнирінде қатарынан екі жеңіске жетіп, төртінші айналымға өтті.

Қазақстандық спортшы екінші кезеңде австралиялық Дарья Касаткинаны (61) 6:3, 5:7, 6:4 есебімен ұтты. Үшінші айналымда америкалық Энн Лиді (31) 6:2, 7:5 нәтижесімен жеңді.

Бұл Рыбакина мен Лидің карьерасындағы алғашқы өзара кездесу болды.

Енді қазақстандық теннисші ширек финал жолдамасы үшін Людмила Самсоновамен күш сынасады.