«Ақтөбе» Қызылордада жеңіске жетті, «Астана» Петропавлда тең түсті
ҚПЛ: «Ақтөбе» соңғы минутта жеңді, «Астана» ұпай жоғалтты
vk.ru/astanafootballclub
120
оқылды

Қазақстан Премьер-лигасында 22-турдың кезекті ойындары аяқталды.

«Астана» сырт алаңда «Қызылжармен» 1:1 есебімен тең түсті. 58-минутта Басманов елордалықтарды алға шығарды. Алайда 90+3-минутта Неделько Пишчевич есепті теңестірді. Осылайша «Астананың» ҚПЛ-дегі бес матчқа созылған жеңісті сериясы тоқтады.

«Ақтөбе» Қызылордада «Қайсарды» 2:1 есебімен жеңді. Алаң иелері сапынан Виктор Мозес 11-минутта есеп ашты. Екінші таймда Даниэль Соса екі гол соғып, ақтөбеліктерге үш ұпай әкелді. Шешуші гол 90+3-минутта соғылды.

«Тобыл» Павлодарда «Ертісті» 2:0 есебімен ұтты. Голдарды Мехди Сенхаджи мен Виталий Лисакович соқты. Ал Ақтауда «Каспий» мен «Елімай» 2:2 есебімен тең түсті. «Каспий» бірінші таймнан кейін 2:0 есебімен алда тұрғанымен, семейліктер Жақсылықов пен Мұртазаевтың голдарының арқасында есепті теңестірді.

«Оқжетпес» сырт алаңда «Атырауды» 2:0 есебімен жеңді. Дмитрий Бородин мен Оралхан Өміртаев екінші таймда мергендік танытты.

Ал 15 тамызда «Ордабасы» «Алтайды» 3:1 есебімен жеңді. Шымкенттік клуб сапынан Евгений Малый бір гол, Бьорн Йонсен екі гол соқты. «Жеңіс» өз алаңында «Жетісуды» 4:1 есебімен ойсырата жеңді.