Бүгін, 23 тамыз – Құрылтай сайлауына дауыс беру күні, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Елімізде Құрылтай депутаттарының сайлауы өтеді. Бұл – еліміздің саяси өміріндегі маңызды тарихи оқиға.
Әр азамат өз таңдауын жасап, елдің болашағына қатысты азаматтық ұстанымын білдіре алады.
Сайлау нәтижесінде жаңа бір палаталы заң шығарушы орган қалыптасады.
Конституциялық негізде Құрылтай 145 депутаттан тұрады және олардың өкілеттік мерзімі бес жыл болып белгіленген.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
