Ал бірінші сұрыпты бидай ұны, рожки, сүт пен сүзбе бағасы өзгерген жоқ.
Қазақстанда картоп бір аптада 7 пайызға жуық арзандады
151
оқылды

Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар бірқатар азық-түлік тауарының бағасы төмендеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

9 қыркүйектегі мәлімет бойынша, бір апта ішінде картоп 6,9 пайызға, пияз 5,9 пайызға, ақ қырыққабат 5,1 пайызға, сәбіз 4,5 пайызға арзандаған. Сондай-ақ алма бағасы 0,8 пайызға, нан 0,4 пайызға, ірімшік 0,3 пайызға төмендеді.

Ал бірінші сұрыпты бидай ұны, рожки, сүт пен сүзбе бағасы өзгерген жоқ.

Ел бойынша пияздың орташа бағасы – 156 теңге, сәбіз – 227 теңге, картоп – 217 теңге. Ең арзан пияз бен сәбіз Павлодарда тіркелген: тиісінше 123 және 146 теңге. Картоп та Павлодарда ең арзан – 152 теңге.

Ал қызанақтың республика бойынша орташа бағасы 586 теңге болса, Таразда оның келісі 347 теңгеден сатылып жатыр.

Бір апта ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының жалпы деңгейі Астана, Атырау, Жезқазған, Қызылорда, Өскемен, Семей және Түркістанда 0,1 пайызға төмендеген.