Бүгінгі ауа райы болжамы.
Найзағай, жаңбыр және тұман: Қазақстанның кей өңірінде ауа райы күрт өзгереді
Фото: iStock
128
оқылды

Қазақстанның оңтүстігінде, кей жерлерде солтүстігінде найзағаймен жаңбыр жауады, – деп хабарлайды Aikyn.kz ТЖМ ақпаратына сәйкес.

Елдің солтүстігі мен шығысында тұман күтіледі.

Астанада күн ала бұлтты, күндіз жаңбыр жауады. Түнде +6...+8°С, күндіз +16...+18°С.

Алматыда күн ала бұлтты, кешке қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде +12...+14°С, күндіз +24...+26°С.

Шымкентте күн ала бұлтты, кей уақыттарда қатты жаңбыр жауады. Түнде +12...+14°С, күндіз +18...+20°С.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.