Халықаралық қарттар күніне орай елімізде 1-4 қазан аралығында «Үш ұрпақ – ортақ мұрат» республикалық фестивалі өтіп жатыр. «Әділет» партиясы ұйымдастырған бағдарлама аясында 3,5 мыңнан астам адам қатысатын 20 іс-шара жоспарланған.
Қарияларға құрмет көрсетіледі
83
оқылды

​Астанадағы «Жетісу» саяба­ғын­да өткен орталық шарада «Әді­лет» партиясы төрағасының орынбасары Ержан Жылқыбаев үлкенге құр­мет мерекелік күндермен шек­тел­меуі тиіс екенін атап өтті.

– Еліміздің бүгінгі жетіс­тік­терінің негізін аға буын қалады. Оның артында ондаған жылдық еңбек, білім мен мол өмірлік тә­жіри­бе тұр. Біздің міндетіміз – осы бай­ланысты үзбеу. Жастар өз та­мы­рын біліп, үлкендердің еңбегін құр­меттеп, тәжірибесін бойына сіңіруі керек. Ал аға буын қоғам өмі­ріне белсенді араласуын жал­ғас­тырғаны маңызды. Ұрпақтар са­бақтастығы құрмет, жауапкер­ші­лік, еңбекқорлық, ынтымақ пен отансүйгіштік сияқты ортақ құн­ды­лықтарымызды нығайтады, – деді Ержан Жылқыбаев.

​Фестиваль аясында дәстүрлі кон­­церттермен шектелмей, әр өңір­де түрлі буын өкілдері бас қосатын ашық алаңдар ұйымдастырылып ке­леді. Қатысушылар спортпен шұ­ғылданып, ұлттық ойындар ой­найды, шығармашылық кездесулер өткізіп, тәжірибе алмасады. ​Мәселен, Шымкенттегі Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында 30-ға жуық қария шахмат, дойбы, бильярд және үстел теннисінен жарысты. Павлодарда еңбек арда­гер­лері арасында бильярдтан турнир өтті. Оған Павлодар мен Ақтоғай­дан келген 65-88 жас аралығындағы 17 адам қатысты.

​Фестивальдің тағы бір бағыты – ұрпақтар диалогы. Қатысу­шы­лар отбасы, тәрбие, еңбек пен жауапкершілік, ұлттық дәстүрлер жә­не кейінгі ұрпаққа аманат етілу­ге тиіс құндылықтар туралы пікір ал­масады. Айталық, ​«Цифрлық ата, цифрлық әже» алаңында жас во­лонтерлер қарттарға цифрлық сер­вистерді қолдануды үйретіп, ин­тернеттегі қауіпсіздік пен алаяқ­­тық­тан қорғану жолдарын тү­сін­діреді. Ал «Болашаққа бағдар» алаңын­да қатысушылар келер ұрпаққа арнап тілектерін жазып, бейнеүндеу жолдайды.

​Фестиваль бағдарламасына то­ғызқұмалақ, асық ату, дәстүрлі қо­лөнермен танысу және бірлес­кен шығармашылық қойылымдар да енген. Астанада 65-81 жас ара­лы­ғындағы өнерпаздардан құрал­ған «Есіл толқындары» халықтық ардагерлер ансамблі өнер көрсетті. 2017 жылы құрылған ұжым Қазақ­стан­ның әр өңірінде гастрольдік са­пар­мен концерттер өткізеді. ​Фес­т­ивальге аға буын өкілдері мен жас­тар, депутаттар, партия белсен­ділері және волонтерлер қатысып жатыр. Өңірлердегі іс-шараларды ұйымдастыруға партияның «Жас­тар Рухы» жастар қанаты мен «Жас Ұлан» ұйымы да атсалысып жүр.

​Аға буын өкілдерін қолдау – «Әділет» партиясының 2026-2031 жыл­дарға арналған сайлауалды бағ­дарламасындағы басым бағыт­тардың бірі. Бағдарламада белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарын дамыту, ауруларды ерте анықтау мен ұзақ мерзімді күтім жүйесін жетіл­діру көзделген. Сондай-ақ тәжіри­белі зейнеткерлерді тәлімгерлікке, волонтерлікке және қоғамдық жұ­мыстарға тартуға мән беріледі.

Бекбол АМАНГЕЛДІ