Құрылтай отырысында Жоғарғы соттың алты судьясын қызметінен босату мәселесі қаралып, тиісті шешім қабылданды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Мәселе Қазақстан Республикасы Конституциясының 56-бабы 10) тармақшасына сәйкес қаралды. Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің отырысында Қазақстан Республикасы Президенті ұсынған Жоғарғы сот судьяларын қызметінен босатуға қатысты кандидатуралар талқыланды.
Құрылтай депутаты, "Әділет" партиясы фракциясының мүшесі Үнзила Шапақтың айтуынша, Марина Боровик, Нұржан Қайыпжан, Валерий Ноздрин және Мәдениет Омарбекова орнынан түсуіне байланысты, ал Сәкен Абдолла мен Аслан Түкиев басқа лауазымға тағайындалуына байланысты қызметтерінен босатылды.
Комитет осы кандидатураларды қолдауға қорытынды берген. Құрылтай депутаттары мәселені қарап, Жоғарғы соттың аталған алты судьясын қызметінен босату туралы шешім қабылдады.
