Ақордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлыбританияның Сауда жөніндегі мемлекеттік министрі, лорд Анас Сарвармен кездесті.
Сауда серіктестігіне серпін
128
оқылды

Мемлекет басшысы еліміз Біріккен Корольдікпен екіжақты қарым-қа­ты­насты дамытуға айрықша мән бере­ті­нін атап өтті.

– Қазақстан мен Ұлыбританияны сын­дарлы саяси диалог және түрлі дең­гейдегі белсенді қарым-қатынас бай­ланыстырады. Сонымен қатар ын­ты­мақ­тастықты одан әрі кеңейте тү­суге әлеуетіміз жеткілікті екеніне се­нім­­ді­мін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің айтуынша, Біріккен Корольдік Қазақстанның негізгі сауда және инвестициялық серіктестерінің бірі саналады. Былтыр екіжақты сау­да-саттық көлемі 83 пайызға артып, 1,6 миллиард доллардан асты. Елімізде 500-ден астам британиялық компания қызмет етеді.

– Сауда-экономикалық байла­ныс­тар­ды ілгерілету жаңа жобалар мен ин­вестицияларды ғана талап етпейді, со­нымен бірге халықаралық ортада ең­бек етуге қабілетті адамдар да қажет. Дәл осы себепті Қазақстан жастарын әлем­­ді танып-білуге, дүниетанымын кеңейтуге, көп тіл үйренуге, ең әуелі ха­лықаралық қарым-қатынас құралы саналатын ағылшын тілін меңгеруге шақырамын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент кездесуде Ұлыбритания Премьер-министрі Эндрю Бёрнэмге жылы лебізін жолдап, оны Қазақстанға сапармен келуге шақырды.

Өз кезегінде лорд Сарвар елімізбен стратегиялық серіктестіктің дәйекті түрде ілгерілеп келе жатқанына көңілі то­латынын жеткізді. Сондай-ақ бри­та­­ниялық бизнес жобаларға қолдау көр­­сетіп, Қазақстанда қолайлы ин­вес­ти­циялық климат қалыптастырғаны үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты.

– Еліңіздің қарқынды дамып келе жатқанын үлкен қызығушылықпен қа­рап отырмыз. Халықаралық күн тәр­тібіндегі негізгі мәселелерге қа­тыс­ты ұстанымдарымыздың ұқсастығын жоғары бағалаймыз. Бізді ашықтық, се­ріктестік, инновациялар, өзара се­нім мен еркін сауда байланыстырады. Ст­ратегиялық серіктестерімізбен қа­рым-қатынаста ынтымақтастықтың жо­ғары деңгейіне сай келетін нақты нә­тижеге қол жеткізуге ниеттіміз. Бұл қа­тарға Қазақстан да енетіні сөзсіз, – деді Анас Сарвар.

Мемлекет басшысы мен Ұлыб­ри­та­нияның Сауда жөніндегі мемлекеттік министрі гуманитарлық ықпал­дас­тық­ты нығайтудың, академиялық ал­масуды кеңейтудің және бірлескен бі­лім беру бастамаларын жүзеге асы­ру­дың маңызына тоқталды. Президент Ұлы­британияда білім беру және жас ма­мандарды даярлау деңгейі өте жо­ғары екеніне назар аударды.

Бұдан бөлек, кездесуге қатысу­шы­лар энергетика, көлік-логистика, цифр­­ландыру және жасанды ин­тел­лект салаларындағы ынтымақтастықты жан­дандыру перспективасын қарас­тырды.