Іс-шараға шығармашылық зиялы қауым өкілдері, жазушылар, журналистер, жастар мен кітапсүйер азаматтар қатысты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Алғашқы жиында қазақтың белгілі жазушысы, драматург Оралхан Бөкейдің «Атау кере» романы талқыланды. Қатысушылар шығарманың негізгі идеясы, кейіпкерлердің тағдыры, рухани құндылықтар мен қоғамдағы өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты. Сондай-ақ романның көркемдік ерекшелігі мен қаламгердің шығармашылығы кеңінен сөз болды.
Кездесуде жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, сыни ойлау қабілетін дамыту және әдеби шығармаларды талқылау мәдениетін қалыптастырудың маңызы айтылды.
Алдағы уақытта әдеби алаңда қазақ және әлем әдебиетінің көрнекті туындыларын талқылауға арналған кездесулер тұрақты түрде өткізіледі деп жоспарланып отыр. Іс-шараны Түркістан облысы Қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұйымдастырды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
