Республикалық қоғамдық штаб құрылды
Республикалық қоғамдық штаб құрылды
449
оқылды
Nur Otan партиясының Орталық аппаратында Қазақстан прези­денттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республи­калық қоғамдық штабының жұмысы жайында арнайы брифинг өтті. Оған кандидаттың сенімді өкілі, Nur Otan партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев және басқа да бірқатар сенімді өкілдер қатысты.

Орталық сайлау комиссиясы Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Респуб­ликасының президенттігіне кан­дидат ретінде ресми түрде тіркеп, кандидат куәлігін оның сенімді өкілі, Nur Otan партиясы Төрағасының Бірінші орын­басары Мәулен Әшімбаевқа тапсырды. Осы шешімнен кейін кандидаттың республикалық қоғамдық штабы құрылып, ол заңға сәйкес 11 мамыр күні сағат 18.00-ден бастап жұмыс істейтіні белгілі болды.

Брифингте Мәулен Әшімбаев Орталық сайлау комис­сиясы шешімінен кейін Қа­зақстан Президентінің кезек­тен тыс сайлауына Nur Otan партиясынан кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республи­калық қоғамдық штабы құрыл­ғанын айтты.

– Орталық сайлау комис­сия­сының шешімінен кейін Қа­зақстан президенттігіне кан­дидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республикалық қоғамдық штабы құрылды. Штаб заңмен бекітілген уақыттан бастап жұмыс істейді. Республикалық қоғамдық штабтың құрамына 187 адам енді. Олар елімізге белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері, сондай-ақ белгілі бір салада биік белестерді бағындырған белсенді азаматтар. Қасым-Жомарт Кемелұлы Рес­публикалық қоғамдық штаб­ты басқаруды маған тапсырды, – деді Мәулен Әшімбаев.

  Респ

убликалық қоғамдық штабтың құрамына Халық қа­һар­мандары Мұхтар Алтынбаев, Бақытжан Ертаев, Қазақстанның Еңбек Ерлері Иван Сауэр, Айман Мұсаходжаева, Серік Ақшолақов, Юрий Пя, мемлекет және қоғам қайраткерлері Кен­жеғали Сағадиев, Әділ Ахметов, Сансызбай Есілов, Бақытжан Жұмағұлов, халықаралық спорт­тық сайыстарда еліміздің атын шығарып, абыройымызды ас­қақтатқан спортшыларымыз Жақсылық Үшкемпіров, Алек­сандр Винокуров, Айбек Нұғымаров, Зүлфия Ғабидул­лина, Әлия Жүсіпова, Қанат Ислам және Динара Сәдуақа­сова, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері Аружан Саин, Динара Шәйжүнісова, Дианара Зәкиева, белгілі өнер қайраткерлері Роза Рымбаева, Досxан Жолжақ­сынов, Алтынай Жорабаева, Майра Мұxамедқызы, Самал Еслямова, Сәкен Майғазиев, Қыдырәлі Болманов, Тамара Асар сынды әншілер мен әр­тістер, ал журналистердің арасынан Дарxан Қыдырәлі, Нұртөре Жүсіп, Дана Нұржігіт, Майя Бекбаева, Қалқаман Сарин сияқты қаламгерлер мүше болды. Сондай-ақ Респуб­ликалық штабтың құрамында Парламент депутаттары да бар.

Сонымен қатар Респуб­ликалық қоғамдық штабтың басшысы алғаш рет қоғамдық штабтың TeamQazaqstan жастар қанаты да құрылғанын айтты.

– Алғаш рет Республикалық қоғамдық штабтың жастар қанаты құрылды. Оған Қайрат Нұртас, Құралай Анарбекова, Анна Алябьева, Әйгерім Есенәлі және тағы басқа белгілі белсенді жастар мүше болды. Жастар қанаты негізінен еліміздегі жас буынмен жұмыс істейді, – деді Мәулен Әшімбаев.

Осы ретте Республикалық қоғамдық штабтың құра­мын­дағы 187 адамның 33-і аталған жастар қанатының өкілдері екенін айта кеткен жөн.

Сонымен қатар жиында бү­гінде еліміз бойынша 227 қо­ғамдық штаб құрылғаны айтыл­ды. Оның 17-сі – облыстық, 37-сі қалалық және 173-і аудан­дық деңгейде жұмыс істейді. Аймақтық және аумақтық штаб­тардың құрамына 5 766 адам енсе, оның 1 267-сі – жастар қанатының өкілдері.

Мәулен Әшімбаев аталған штаб мүшелерінің бәрі Nur Otan партиясынан Қа­зақстан президенттігіне кан­дидаттың сенімді өкілдері еке­нін ерекше атап өтті.

– Еліміз бойынша Қасым-Жомарт Кемелұлының 19 500-ден астам сенімді өкілі тіркелді. Олар белгілі, белсенді азаматтар, ауылшаруашылық мамандары, ұстаздар, зиялылар, спорт­шы­лар, құрылысшылар, мәдениет қайраткерлері және басқа да маңызды сала өкілдері, – деді Республикалық қоғамдық штаб­тың басшысы.

Сондай-ақ Мәулен Әшім­баев сөзінде барлық штабта кан­дидаттың қоғамдық қабыл­дау бөлмесі жұмыс істейтінін, онда азаматтардың өтініштері мен ұсыныстары қабылдана­ты­нын жеткізді. Одан бөлек, ол Республикалық қоғамдық штаб мүшелері 13 мамырдан бастап барлық өңірге шығып, халықпен кездесетініне назар аударды.

– Халықпен кездесулерде кандидатымыздың сайлауалды бағдарламасы мен азаматтарды алаңдатқан өзекті мәселелер талқыланады. Штабтың жұ­мысы мен оның мүшелері ту­ралы ақпараттарды Республи­калық қоғамдық штабтың ресми сайты мен әлеуметтік желі­лердегі парақшаларынан да алуға болады. Аталған сайт пен ресми аккаунттар да заңға сәйкес 11 мамырдан бастап жұмыс істейді, – деді Мәулен Әшімбаев.

Сонымен қатар Nur Otan партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары партия Төраға­сының тапсырмасына сәйкес сайлауалдың үгіт-насихат жұ­мыстарын жоғары деңгейде, креативті, тиімді, заманауи технологияларды қолданып нәтижелі өткізуге дайын екенін жеткізді.

– Елбасы, партиямыздың Төрағасы Н.Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша бұл сайлау әділ әрі ашық, Қазақстан Республи­касының заңдарына сәйкес, халықаралық нормаларға сай, жоғары деңгейде өтуі керек. Партиямыз сайлаудың ашық әрі әділ өтуі үшін барлық шараларды жүзеге асырады. Ол үшін біз Орталық сайлау комиссиясымен, отандық және халықаралық бақылаушылармен, сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралда­ры­мен тығыз жұмыс істеуге дайын­быз, – деді Мәулен Әшімбаев.

Сөз соңында ол еліміздің ірі саяси науқанның алдында тұр­ғанын айтып, бұл барша қа­зақстандықтар үшін жауапкер­шілік екенін тілге тиек етті.

– Бұл сайлау биліктің сабақ­тастығын қамтамасыз етуге, еліміздегі саяси жүйені күшей­туге, халқымыздың татулығы мен тұрақтылығын нығайтуға үлес қосатын қадам деп қабыл­даймыз. Сондықтан бұл сайлау­дың Қазақстанды дамудың жаңа кезеңіне алып шығатын шара боларына сенеміз және біздің партиямыз сол жолда аянбай еңбек етеді, – деді Мәулен Әшімбаев.

Іс-шара барысында Респуб­ликалық қоғамдық штабтың мүшелері – белгілі қоғам қайраткері, «Ұлттық ғылыми медициналық орталық» АҚ бас­қарма төрағасы Абай Байгенжин, «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасы, Nur Otan партиясы Саяси кеңесінің мүшесі Абылай Мырзахметов, қоғам қайраткері, қайырымдылық қорының ди­ректоры Аружан Саин және Qazaqstan ұлттық телеарнасының жүргізушісі, блогер Әйгерім Есенәлі сөз сөйлеп, алдағы саяси науқанға тас-түйін дайын екендерін жеткізді.

  Абылай МЫРЗАХМЕТОВ, «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасы, Nur Otan партиясының Саяси кеңесінің мүшесі: Абылай Мырзахметов.jpg

– Жақын арада елі­міз үлкен бір саяси ем­тихан тапсырғалы отыр. Осыдан екі ай бұ­рын Қазақстан­ның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев президенттік өкілетті­гін тоқтатты. 9 маусым күні өтетін кезектен тыс президенттік сайлауға Nur Otan партиясы атынан үміткер ретінде Қасым-Жомарт Тоқаев түсетіні белгілі болды. Елбасы партия атынан Қасым-Жомарт Кемелұлын жоғары лауазымға кандидат ретінде ұсынды. Халық өз таңдауын жаңылмай жасайды деп үміттенемін. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақ елін 30 жылға жуық басқарды. Кеңес кезеңінде-ақ көшбасшылықты қолға алып, өз жұртын соңынан ерте білді. Ең бастысы, тәуелсіздік жылдары отан­дық кәсіпкерліктің алға жыл­жуына, өркендеуіне зор ықпал етті. Мемлекет тарапынан отандық кәсіп­керлікті қолдау, шағын орта бизнесті аяққа тұрғызу жүйесі құрылды. Бизнес қауымдастық атынан осы штатқа кіріп, өзім атсалысуға бел буып отырмын. Кәсіпкерлерді қолдау – біздің негізгі бағытымыз. Осы штабтың кезінде менің тағы бір мүмкіндігім болады. Сайлау еліміздің алдында тұрған барлық міндеттерді табысты шешу үшін халықты шоғырландыру про­цесіне серпін береді. Сондықтан барша қазақстандықтарды сайлауға ша­қырамын.

Шерзод ПУЛАТОВ, Қазақстан халқы ассамблеясы Төрағасының орынбасары: Шерзод Пулатов.jpg

– Еліміздегі өтетін сайлау халықтың бірлігі мен бір­тұтастығына оң әсерін тигізетіні белгілі. Тұрақты билік басшысының мәртебесі ел сенімін арттырып, мем­ле­кеттің дамуына айрықша үлес қо­сады. Оған қоса сырт елдермен қарым-қатынас жүйелі болады.

Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев өкілеттігін тоқтататынын мәлімдеген тұста, халық абдырап қалды. Тәуел­сіздік алған жылдардан бері қолбасшы­мызға, көшбасшымызға айналған Президентіміздің бұл шешімі күтпеген жайт еді. Өйткені елдің әлеуметтік-саяси хал-ахуалы өркендеп, Қазақстан дамушы, ықпал етуші мемлекетке айналған болатын.

Nur Otan партиясының респуб­ликалық қоғамдық штабы құрылып, бірінші отырысында Қасым-Жомарт Тоқаевты ел президенттігіне үміткер ретінде Орталық сайлау комиссиясы тіркегенін хабарлады.

Сайлау Қазақстанның даму жо­лында салмақты орын алары сөзсіз. Сыртқы саясаттың қалыпты болуына және еліміздің тұрақтылық пен өркендеуіне керекті саяси қадам деп білемін.

Абай БАЙГЕНЖИН,  «Ұлттық ғылыми медициналық орталық» АҚ басқарма төрағасы: Абай Байгежин.jpg

–  Бүгін партиялықтар үшін ерекше күн. Nur Otan партиясы атынан сайлауға түсетін кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қол­дайтын республикалық штаб өз жұмысын бастады. Алда еліміздің барлық аймағын қамтитын ау­қымды жұмыс күтіп тұр.

     

Nur Otan партиясы – Елба­сының алға қойған барлық мақсатын жүзеге асырудың басты кепілі. ХІХ съезде партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев партия­лықтарға барлық күш-қайратын жұмылдырып, алдағы сайлау науқанына белсене қатысуды тапсырды. Бұл бізге үлкен жауап­кершілік жүктейді.

Сөз жоқ, аталған ауқымды шара елдің алдағы дамуында ора­сан зор маңызға ие. Сондықтан президенттік сайлау мемлекеті­міздің одан ары тұрақты, әлеуметтік және экономикалық тұрғыдан дамуына ықпал етеді. Жастардың саяси науқанға қатысуы Қа­зақстанның азаматтары ретінде өздерінің құқықтары мен бостан­дықтарын жүзеге асырудағы ал­ғашқы тәжірибе болмақ. Мемле­кетімізде болғалы жатқан ке­зектен тыс президенттік сайлау әділ әрі барлық талапқа сай өтетініне сенемін.

  Аружан САИН,  «Мейірімділік» ерікті қоғамы» қорыныңӊ директоры:  Аружан Сайн.jpg

– Бәріміз үшін сайлауға белсенді қатысу өте маңызды. Біз еліміздің дамуындағы жаңа кезеңге қадам басқалы тұрмыз. Сайлаудың елі­міздің одан ары даму бағытын ай­қындайтын жалпымемлекеттік мәні зор. Бұл сайлау уақыт тала­бына сай, соңғы саяси өзгеріс­тердің қисынды жалғасы екені анық. Сайлауды жариялау процесі қысқа мерзімде және барлық рәсімдерді қатаң сақтай отырып орындалды. 

   

Мұның барлығы Елбасы ұсынған стратегиялық бағдар­ламаларды тиімді іске асыруды жалғастыруға мүмкіндік береді. Сайланған Президент мемлекет басшысының функцияларын жүзеге асыруға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілі болуға халықтың сенім мандатын алады. Халық ұйым­шылдықпен сайлау учаскелеріне келіп, өз таңдауын жасайды деп ойлаймын.