"Тәуелсіз интернет" рейтингінде Қазақстан Африка елдерінен төмен орналасты
"Тәуелсіз интернет" рейтингінде Қазақстан Африка елдерінен төмен орналасты
hand touching digital tablet, social media concept
278
оқылды

2022 жылдың қаңтар айында болған тәртіпсіздіктер кезінде бірқатар әлеуметтік желі, кейін интернетке қолжетімділік шектелді. Осыған байланысты қазақстандықтар елде не болып жатқанын біле алмады. Мұндай жағдай бірінші рет емес. 

Finprom.kz зерттеуінше, елдегі интернет халықаралық стандарттардан әлдеқайда алшақ. Freedom House халықаралық үкіметтік емес ұйымның рейтингі бойынша, Қазақстан "тәуелсіз интернет" тізімінде 52-орынға жайғасты. Аталған рейтинг интернеттің цензураны қаншалықты айналып өтетіні және мемлекеттің оны қаншалықты шектейтінін көрсетеді. Қазақстан көптеген ТМД елдерінен төмен орналасты. Мысалы, Грузия алғашқы ондыққа енді. Украина мен Қырғызстан 26 және 37-орындарға жайғасты. Сондай-ақ, ҚР Кения, Ангола, Эквадор, Замбия, Малави, Ливан және Ливия сынды елдерден қалып келеді. Қазақстанның тізімде мұнша төмен орналасуы шетелдік инвесторлар мен бизнес үшін тиімсіз. Еске салсақ, қаңтар айының басында елде интернет өшкені үшін көптеген компания өз жұмысын тоқтатуға мәжбүр болды. 2021 жылдың желтоқсан айының басында елде 16,5 млн ұялы байланыс абоненті болған еді.